Жаңалықтар

28 наурыз 2024

Инвесторды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан «Алатау» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты кейінгі басқаруға беру үшін инвесторды іріктеу жөніндегі Конкурс.

21 қыркүйек 2023

«Тараз» ӘКК: Біз қауіпсіздік талаптарын сақтауға мұқият назар аударамыз

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп үгіт-насихат шараларын өткізді.

28 тамыз 2023

«Тараз» ӘКК» АҚ БҰҰ Жаһандық келісім шартына қосылды

«Тараз» ӘКК БҰҰ Жаһандық келісім шартына қосылған Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация.

04 МАМЫР 2023

Өңірлік басқармалардың қызметкерлері «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша оқытылды

АШМ арнайы жұмыс тобы ауыл халқының табысын арттыру жобасы бойынша өңірлердің Ауыл шаруашылығы басқармалары мен ӘКК қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы биыл бүкіл Қазақстан бойынша іске асырылып жатыр.

28 СӘУІР 2023

Қордай ауданы – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өлке

Бүгінде мұнда өз кәсібін ашуға ниетті ауыл тұрғындарының да саны арта түскен. Осылайша, аудан көлемінде кәсіпкерлік саласы кең қанат жаюда.

28 СӘУІР 2023

ZHEIF-2023: Дипломатиялық клубтың жаңа президенті сайланды

«Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» халықаралық экономикалық инвестициялық форумы аясында консулдық корпустың отырысы өтіп, онда көпшілік дауыспен Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй дипломатиялық клубтың президенті болып сайланды.

23 СӘУІР 2023

Жақсылық жасау – игі іс!

Өткен демалыс күндері облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша ауқымды екі айлық аясында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

07 СӘУІР 2023

«Тараз» ӘКК жамбылдықтармен жергілікті жерлерде белсенді кездесулер өткізуде

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңір әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жамбыл облысының барлық аудандарында болып, түрғындарды 2,5% жеңілдікпен несие алу жолдарымен таныстырды.

03 НАУРЫЗ 2023

Жарияланым ізімен

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жалған жарияланымдардың жиілеп кетуіне байланысты ресми баспасөз релизін дайындады.

02 НАУРЫЗ 2023

Өңірдің тұрақтандыру қорын қалыптастыру

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорын басқару секторының басшысы Арман Түймебаев 2023 жылы журналистер мен блогерлерге Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында тұрақтандыру қорының қорларының жағдайы туралы айтып берді.

20 АҚПАН 2023

Тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

20 АҚПАН 2023

«Тараз» ӘКК» АҚ мен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Топ құрамында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, «Тараз» ӘКК» АҚ төрағасы, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпорын өкілдері бар. Олар аталған өңірдегі өндіріс ошақтарының жұмыс барысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

23 ҚАҢТАР 2023

Ауыл тұрғындарын 2,5 пайызбен несиелендіру – халықтың тұрмыстық табысын арттырады

«Тараз» ӘКК-де «Ауыл аманаты» жобасы аясында, бұрынғы Жамбыл облысындағы халықтың табысын арттыруға арналған пилоттық жобаның  бес бағытын  масштабтау шеңберінде ауыл тұрғындарына жоспарлы жеңілдікті кредит беру (ақшалай қаражат 2,5 пайыз мөлшерлеме бойынша беріледі) жүріп жатыр.

19 ҚАҢТАР 2023

Басты мақсат – тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру

Жамбыл облысында 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын іске асыру мақсатында жалпы 9,2 миллиард теңге игерілді. 

05 ҚАҢТАР 2023

Ауа-райы қолайсыздығынан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде​

«Тараз» ӘКК» АҚ Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп Жаңатас және Қаратау тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.

18 ҚАРАША 2022

«Тараз» ӘКК ұжымы Донорлық күніне қатысты

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық Қан орталығымен бірлесіп «Донор күні» акциясын ұйымдастырды.

01 ҚАРАША 2022

Жамбыл облысында жемісті жоба іске аспақ

Бүгінгі таңда өңірімізде бау-бақша өсіру және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша түркиялық инвесторлар ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Бұл салада мол тәжірибесі бар Göknur Gıda түрік компаниясы өз Отанында жеміс-көкөніс концентраттарының ең ірі өндірушісі ретінде танымал.

06 ҚАЗАН 2022

«Тараз» ӘКК» АҚ әлеуметтік дүкендер картасы

Тараз қаласында орналасқан әлеуметтік павильондардың картасы қала тұрғындары үшін қолжетімді

29 ҚЫРКҮЙЕК 2022

Жамбылдық кәсіпкерлерге жыл басынан бері 1834 қызмет көрсетілді

Тараз қаласындағы «Bizneske arnalğan ükımet» фронт-офис инвесторлар мен кәсіпкерлерді бағыттау мақсатында азаматтарға тегін кеңес береді.

22 ҚЫРКҮЙЕК 2022

«Жемқорлықтың тізбегін үз!»: Жамбыл облысында осындай атаумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін бірнеше әлеуметтік роликтер дайындады.

15 ҚЫРКҮЙЕК 2022

Жамбыл облысының тұрақтандыру қорының жұмысы жалғасуда

«Тараз» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгін корпорацияның жетекші мамандары істің қалай өрбігенін айтып берді.

01 ҚЫРКҮЙЕК 2022

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық»

«Тараз» ӘКК» АҚ» «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Корпорация қызметкерлері демеушілермен бірге қаладағы 11 мектептің оқушыларына оқуға керек-жарақтарын, яғни: кеңсе тауарлары, сөмкелер мен мектеп формасы және аяқ киімге арналған сертификаттарын табыстады. Осылайша жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды ерекше қуанышқа бөледі.

04 тамыз 2022

Мұқтажсың ба – ал, шамаң жете ме – қойып кет!

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Jambylinfo» ақпарат агенттігімен бірлесіп, облыс орталығындағы әлеуметтік павильондардың бірінде мұқтаж азаматтарға арналған «жақсылық сөресін» ашып, қайырымдылық челленджін бастады.

28 шілде 2022

Пилоттық жобаға қатысушылар бағдарламаның тиімділігін тағы да растады

2022 жылғы 27 шілдеде «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ БАҚ өкілдері үшін Жамбыл облысының Жуалы ауданына «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілері бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

25 шілде 2022

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновнаның «Тараз» ӘКК-сына сапары

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Министр Тараз қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» ӘКК» АҚ фронт-офисінде болды.

15 шілде 2022

«Тараз» ӘКК әулеметтік жобасы Жамбылдықтарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін жаңа орталықтың құрылысы аяқталуға жақын

Жоба Пушкин көшесі, 22 А мекенжайында орналасқан бұрынғы облыстық балалар ауруханасының апатты жағдайда тұрған ғимаратының орнында жүзеге асырылуда. 2021 жылдың шілде айында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Жүрек» Кардиохирургиялық орталығы» ЖШС арасында Тараз қаласында медициналық орталық салу бойынша бірлескен іс-шаралар туралы келісімге қол қойылды.

01 шілде 2022

Елордада 27-29 маусымда АХҚО «Astana Finance Days-2022» V жыл сайынғы қаржылық-инвестициялық конференциясын өткізді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық өсуі талқыланды. «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

03 мамыр 2022

«Тараз» ӘКК» АҚ өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды

Тараз “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі-қоғам) Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылдық округінің Қызылқайнар ауылынан жер телімінде бірлескен жобаны іске асыруға қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

25 сәуір 2022

Жетістік тарихы Жоба арқылы несие алып, тігін цехын ашқан ауыл тұрғыны

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында ауыл тұрғындарының кәсібін ашуына мол мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, аталған жоба бойынша «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан несие алған Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны Ләйла Бесбаева тігін цехын ашып, өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Жоба аясында 3,3 миллион теңге несие алған ол цифрландырылған үлкен тігін машинасын сатып алып, жұмыс ауқымын кеңейткен. Осылайша, пайда да таба бастаған.

22 сәуір 2022

Жетістік тарихы: Жылыжайға қияр мен құлпынай егіп, мол өнім алуда

Жылыжай шаруашылығын дамыту бүгінде өзекті мәселе. Сондықтан аграрлық салада пайдалы кәсіптің бірі – жылыжай десек, қателеспейміз. Шындығында, бүгінгі күні кәсіпті дамыту мен жаңғыртудың оңтайлы жолы – жеңілдетілген несие алу.

20 сәуір 2022

«Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу туралы хабарлайды

Тауарлар қауіпсіздігі мен тасымалдауға кепілдік беретін жоғары сапалы ыдыстарға оралуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының стандартты ережелеріне сәйкес жарамдылық мерзімінің аяқталу мерзімімен таңбалануы тиіс. Жеткізілген Тауардың жарамдылық мерзімі бүкіл жарамдылық мерзімінің кемінде 3/4 бөлігін құрауы керек.

06 желтоқсан 2021

Үндістан делегациясы «Тараз» индустриялық аймағына келді!

Үнді компаниясының басшылығы «Тараз» индустриялық аймағына келіп, ынтымақтастықтың шарттары мен мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтарға тиімді орналасқан жері, дамыған инфрақұрылымы, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары және Басқарушы компанияның қызметі туралы айтылды.

24 қараша 2021

Сүт сатып, күнделікті табыс тауып отыр

Осыдан екі жыл бұрын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы ауыл тұрғындарының өз-өзін жұмыспен қамтуына жол ашып отыр. Аймақта биыл да аталған жоба бойынша қайта несие беріліп, мал шаруашылығын қолға алғандар да жетерлік. Мәселен, жобаға Жуалы ауданынан енген Ақсай ауылдық округінің тұрғыны  Райхан Беркімбаева да жоба арқылы 4,5 миллион теңге несие алып, 7 сиыр мен 2 жылқы алған.

24 қараша 2021

Жоба аясында қымыз өндірісін ұлғайтпақ

Өңірде Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы бойынша ауыл тұрғындарына қайта қаржыландыру арқылы несие беріліп жатқаны белгілі. Бұл орайда, жобаға енген ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен несие беру жұмыстары да қарқынды. Мәселен, Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округ тұрғыны Қуаныш Көлбай жоба аясында «Тараз» ӘКК» АҚ-дан 4,3 миллион теңге несиеге қол жеткізген. Бұл қаржының 4 миллионына 9 бас жылқы алса, 300 мыңына жем-шөп сатып алыпты.

24 қараша 2021

Су жаңа техникалар ауыл тұрғындары үшін қызмет етпек

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы биыл Жуалы ауданынан Ақсай ауылдық округі кіріп отыр. Нәтижесінде ауылдық округтен «Жуалы-2020» ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Бүгінгі күні кооператив «Тараз» микро-қаржы ұйымы арқылы 6 пайызбен 5 жылға лизингке «BIGDRUM 1250» маркалы жүгері оратын және «Venza-8 PRO» маркалы пневматикалық дән сепкіш техникаларын алып үлгерген.

09 қараша 2021

Таразда медициналық орталық бой көтеруде

Тараз қаласы Пушкин көшесі бойынан медициналық орталық бой көтеруде. Бұрынғы балалар ауруханасы ғимаратының орнынан салынып жатқан құрылысты «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізіп жатыр. 

Облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ мен «Жүрек» кардиохирургиялық орталығы» ЖШС арасында ағымдағы жылдың тамыз айында бірлескен шарт жасасқан болатын.

22 қазан 2021

Хабарландыру

2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың мамыр-маусым айларындағы науқанға орай  өңірлік тұрақтандыру қорын әлеуметтік азық-түлік тауарларымен толықтыру мақсатында, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы картоп пен сәбіз сақтау механизмін іске асыру шеңберінде несие беруге кәсіпкерлік субъектілеріне конкурс жариялайды.

22 қыркүйек 2021

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТАЛАБЫ МЕН ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

«Тараз» ӘКК» АҚ қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңінің талаптары мен тәртібі түсіндірілді. Аталған жиынға «Тараз» және «Атамекен-Тараз» микро-қаржы ұйымының қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.

20 қыркүйек 2021

НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ТАУАРЛАРЫ ӨТКЕРІЛДІ

18-19 қыркүйек күндері ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында шаһар аумағында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан болатын. Айта кетерлігі, бұл жәрмеңкеде «Тараз» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан 5 тонна қант, 3 тонна күріш, 2 тонна сұйық май өткерілді. Аталған тауарлар астаналық тұрғындарға нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада сатылды.

9 қыркүйек 2021

Несие алып, шаруашылығын дамытпақ

«Тараз ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы саналатын «Atameken-Taraz»  микро-қаржы ұйымы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы несие беруді бастады. Аталған жоба арқылы жоба арқылы оқып, сертификат алған аймақ тұрғындары жеңілдетілген несиеге қол жеткізуде. Өңірде алғаш болып «Бастау Бизнес» жобасы арқылы несие алып отырған тұрғындардың бірі байзақтық Нышанбай Бесбай.

3 тамыз 2021

«Форель» балығын өсіріп, пайдаға кенелуде

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығы. Өңірде балық өнімдеріне нарықтағы сұраныстың жоғары болуына байланысты Меркі ауданындағы «Ибрагимова» ЖК  балық өсіруді қолға алып отыр. Ол үшін өткен жылдың соңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға форель өсіру жөніндегі жобасын ұсынған болатын.

31 мамыр 2021

«Tulparcard» жүйесі бойынша қызмет көрсетеді

Енді «Бизнеске арналған Үкімет» орталығынан «Tulparcard» электрондық билеттендіру жүйесі бойынша қызметтер көрсетіледі. Орталық ішінен жаңадан іске қосылған арнайы орыннан қала тұрғындары электрондық билеттендіру жүйесі бойынша істен шыққан «Tulparcard» карточкаларын ауыстыра алады.

28 мамыр 2021

Баға базар бағасынан төмен

Тараз қаласын кезекті рет жұмыс барысымен аралаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев   күні кеше Шөлдала шағын ауданында ашылған әлеуметтік дүкенге де арнайы ат басын бұрды. Кәсіпкер Патохберді Талиповтың айтуынша, мұндағы баға базар бағасынан әлдеқайда төмен.

27 мамыр 2021

Шөлдалада әлеуметтік дүкен ашылды

Бұл осымен облыс орталығында ашылып отырған 16 әлеуметтік дүкен. Дүкеннің ашылуына аталған алқаптың тұрғындары көптеп жиналды. Сауда орынының ашылуын күткен олар негізінен тұрақтандыру қорының азық-түліктерін сатып алды. Ондағы халық бұл дүкеннің өздері үшін тиімді екенін айтады.

25 мамыр 2021

Аймақта алғашқылардың бірі болып «Ashyq» жобасы енгізілді

«Ashyq» жобасын өңірде алғашқылардың бірі болып «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы енгізді. Аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен жоба санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылауға таптырмас бастама. Елімізде әлі күнге дейін коронавирус пандемиясының сейілер түрі жоқ.

20 мамыр 2021

Бабын тапса Қант қызылшасы да – табыстың қайнар көзі

Жамбыл облысы ертеден қант қызылшасын егумен аты шыққан аймақтың бірі. Бұл бағытты дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде. Мәселен,  «ANS-Agro» шаруа қожалығы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпациясы» АҚ арқылы қант қызылшасын өсіру үшін 45 500 000 теңге қаражатқа қол жеткізді.

18 мамыр 2021

Түрік компаниясы өңірде бақша өсіруге ниетті

Облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев «Great Production Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп қарқынды бақтар кешенін құру жобасы бойынша мәселелер талқыланды. Бұл жоба аясында өнімді өткізу ішкі нарық үшін 30% және экспорт үшін 70% көлемінде жоспарланып отыр.

13 мамыр 2021

Қожалыққа жаңбырлатып суару жүйесі табыс етілді

Аймақтағы диқандарға жаңбырлатып суару техникаларын беру жалғасын табуда.  Мәселен, Т.Рысқұлов ауданы бойынша бүгінде 19 шаруа қожалықтардан өтінім қабылданып, соның 12-не «Жаңбырлатып суару жүйелері» табыс етілген. Сондай-ақ 7 кәсіпкерге жақын арада тапсыру жоспарланған.

13 мамыр 2021

Жуалылық диқандар жаңбырлатып суару құрылғыларын тиімді пайдалануда

Әне-міне дегенше өңірде суару науқаны да басталып кетті. Бұл орайда, шаруалар суаруда тиімді технология – жаңбырлатып суару қондырғыларын алуда. Мәселен, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Тараз» микро қаржы ұйымы» ЖШС арқылы несиеге берілетін мұндай құрылғыларды Жуалы ауданының диқандары да алып, кәдеге жарату үстінде. 

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»