Жуалылық диқандар жаңбырлатып суару құрылғыларын тиімді пайдалануда

Әне-міне дегенше өңірде суару науқаны да басталып кетті. Бұл орайда, шаруалар суаруда тиімді технология – жаңбырлатып суару қондырғыларын алуда. Мәселен, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Тараз» микро қаржы ұйымы» ЖШС арқылы несиеге берілетін мұндай құрылғыларды Жуалы ауданының диқандары да алып, кәдеге жарату үстінде.

Осы уақытқа дейін аталған аудан шаруалары дәл осындай техниканың 7 данасын сатып алған. Нақтырақ айтқанда, ондағы «Нұр-Әділет», «Асқар», «Мерсеит», «Қожа-Ахмет», «Береке-3», «Азамат» және «Әділ» сынды шаруа қожалықтары тиімді техниканы кәдеге жаратуда. Алдағы уақытта тағы 8 данасына тапсырыс беріп қойыпты. Осылайша жер емген диқандар тиімді технология арқылы мол өнім алуды жоспарлап отыр.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»