Баға базар бағасынан төмен

Тараз қаласын кезекті рет жұмыс барысымен аралаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев   күні кеше Шөлдала шағын ауданында ашылған әлеуметтік дүкенге де арнайы ат басын бұрды. Кәсіпкер Патохберді Талиповтың айтуынша, мұндағы баға базар бағасынан әлдеқайда төмен.

Атап айтсақ, сүт өнімдері нарық бағасынан 40 теңгеге төмен өткерілуде. Бір күнде мұнда бір мың тұрғын сауда жасап үлгеріпті.

– Мұндағы баға өзге дүкендер мен сауда орталықтардағы бағаға қарағанда 15-20 пайыз төмен. Бізді осы дүкеннің арзандатылған азық-түлік бағасы  қуантып отыр. Ең бастысы қала сыртындағы шалғай шағын аудан халықына осындай әлеуметтік дүкеннің ашылғаны жақсы болып қалды, – дейді шағын аудан тұрғыны Бақыт Омарова.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»