Түрік компаниясы өңірде бақша өсіруге ниетті

Облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев «Great Production Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп қарқынды бақтар кешенін құру жобасы бойынша мәселелер талқыланды.

Бұл жоба аясында өнімді өткізу ішкі нарық үшін 30% және экспорт үшін 70% көлемінде жоспарланып отыр. Сондай-ақ жобада фермерлік кластерді дамыту, оның ішінде жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарын тарту және жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Корпорация тарапынан жобаны жемісті іске асыру үшін 1100 гектар жер учаскесі қарастырылып, мемлекеттік инвестициялық субсидия беру қарастырылуда. Сонымен қатар жобаны іске асыру мақсатында арнайы Жол картасының жобасы әзірленіп,  келісілген. Бұдан өзге 2021 жылғы 25 ақпанда «Тараз» ӘКК» АҚ мен Great Production Ltd арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

Айта кетерлігі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдік компанияларға берілмейді. Сондықтан өңірдегі бақша отырғызумен айналысатын қазақстандық компанияны тарту нұсқасы қарастырылуда.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»