«Жемқорлықтың тізбегін үз!»: Жамбыл облысында осындай атаумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін бірнеше әлеуметтік роликтер дайындады.

 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тәрбиелік, ақпараттық-ұйымдастырушылық шаралар кешені арқылы жұмыстар жүргізуде.

– Біз екі өзекті әлеуметтік ролик түсірдік. Жақында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қою жоспарлануда. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруды, адалдық идеологиясын насихаттауды, сыбайлас жемқорлық негізінде жасалатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды толық қолдаймыз, – деді «Тараз» ӘКК басшысы Дәулет Әбілқайыров.

Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік әділеттілікке нұқсан келтіріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретінін де атап өтті.

Антикор барлық дайын материалдың интернет желісіне орналастырылатынын, республикалық және облыстық телеарналарда көрсетілетінін хабарлады.

– Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына қазақстандықтарды жаппай тартуға баса назар аударылуда. Парақорлық фактілері анықталса, агенттіктің 1424 нөміріне немесе 45-35-09 кезекші бөліміне хабарласу қажет, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Айбек Әжібаев.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – барша қазақстандықтардың азаматтық борышы. «Пара жайында хабарла, сыбайлас жемқорлыққа жол «ЖОҚ!» деңіз. Осылайша, біз, бұл дертпен толық күресе аламыз.

P.S. Әлеуметтік роликтерді www.spk-taraz.kz ресми сайтынан, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінен және Telegram-каналынан көре аласыздар.

 Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

 

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»