"Ауыл Аманаты" бағдарламасы шеңберінде қайтарымды қаражаттан кредит беру


2024 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арқылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында қайтқан қаражат есебінен қаржыландыру мақсатында тұрғындардан құжаттар қабылданып, жобаның бесінші бағыты бойынша (тұрғындардың өз кәсібін ашуы) 3,4 млрд. тг. сомасына 450 жоба несиелендірілді.
Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылдық округінің тұрғыны Естемес Таншолпан Толегенқызы 2024 жылдың қазанында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдікпен несие алу үшін «Тараз» ӘКК»АҚ-ға жүгінді. 2024 жылдың қараша айында 4,5 млн. теңге сомасына жоба қаржыландырылып, «Робототехника бойынша оқушыларға арналған курстарды ұйымдастыру үшін» жабдықтар сатып алынды. Бүгінгі таңда қосымша 1 адам жұмыспен қамтылып, 12 оқушы даярлануда. Сонымен қатар, басқа да оқу орындарына барып, робототехника бойынша курстар ақылы түрде үйретілуде.


Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылының тұрғыны Мусилимова Айткул Куандиковна «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Тараз» ӘКК «АҚ-ы арқылы 2024 жылдың қараша айында 3,6 млн. теңге сомасына несиелендіріліп, «саңырау құлақ өсіру жабдықтары» сатып алынды. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске қосылып, жұмысын жасауда, сондай-ақ кәсіпкер 3 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Өндірілген өнім Тараз қаласындағы ресторандар мен кафелерге жіберілуде.


Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны Алибек Тоғжан Ғафизқызы 2024 жылдың желтоқсан айында «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арқылы 8,4 млн. теңге сомасында несие қаражатын алды. Педагогика ғылымдарының магистранты. Осы сала бойынша 7 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда «Алақай» түзете дамыту орталығын ашып, балалар қабылдауда. Орталықта 50-ден астам бала білім алуда. Орталық ерекше білім беруді қажет ететін, ерте жас аутизмі, даун синдромы, психологиялық дамуы тежелген, түрлі тіл кемшіліктері бар балалармен жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, бірнеше адам жұмыспен қамтылып, орталықта дефектолог және психолог сияқты мамандық иелері жұмыс атқарады.




Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz