БАСҚАРМА

Әбілқайыров Дәулет Мақсұтұлы

Басқарма төрағасы

Әбілқайыров Дәулет Мақсұтұлы 1983 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген.

2004 жылы Мәскеу Халықаралық қатынастар институтын Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін Қаржы мамандығы бойынша және 2018 жылы Назарбаев Университетін Әскери әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, ағылшын, түрік, француз тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2004 жылы 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің атташесі болып бастаған.

2004 – 2008 жылары аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, оның ішінде Австрия және Корея Республикасынының елшілігінде қызмет атқарды.

2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаменті өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты ретінде бір жыл жұмыс істеп, инспекторы ретінде он ай қызмет атқарды. Осыдан кейін, 2009 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің консультанты болып тағайындалды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы болды.

Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директоры қызметін атқарды.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы болып, екі жылдан кейін ақпараттық-талдау департаментінің директоры ретінде тағайындалды.

2013 – 2019 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл департаментінің басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар» МЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың мамыр айында Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, біршама жұмыс атқарды.

2022 жылдың наурыз айынан бастап «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы ретінде тағайындалды.

Ботабаев Мұхтар Ерғалиұлы

Басқарушы директор

1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қож Ахмет Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетін бітірген. Сондай-ақ, Қож Ахмет Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетінің заңтану факультеті.

Еңбек жолын «Астанаэнергосбытта» инженер-бағдарламашы болып бастады, одан кейін «Бәсекелестікті қорғау агенттігіне қарасты «Бәсекелестікті саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ 100% мемлекеттің қатысуымен жетекші менеджер, бас менеджер, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС менеджері.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, «СМ – Строй 2017» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған. 2022 жылдан бастап «Тараз» ӘКК» АҚ басқарушы директоры.

Абдуалиева Ләззат Сейсембекқызы

Басқарушы директор

1979 жылы туылған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-экономист», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Сондай-ақ Оңтүстік Африкадағы «Moncosa» бизнес мектебінің «іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистрі.

Алғаш еңбек жолын «БТА Банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалында кассалық есеп айырысу бөлімінің басшысы болып бастап, бөлшек бизнес бөлімінің шот менеджері, бөлшек несиелендірудің жетекші маманы, несие желісі секторының меңгерушісі, әмбебап кредит беру жөніндегі үйлестіруші, бөлшек несиелендіру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары, «Цеснабанк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының персоналды сервис басқармасының бастығы, директордың бөлшек бизнес бойынша  орынбасары болған.

Жылысбек Еркін

Басқарушы директор

1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік университетін бітірген.М. Х. Дулати Инженер — механик мамандығы бойынша. Сондай-ақ, “Әулие-Ата” университетін Заңгер мамандығы бойынша бітірген

Еңбек жолын есеп айырысу-касса бөлімінің бастығы, Бөлшек Кредиттеу бөлімінің кредиттік сарапшысы, проблемалық борыштар бойынша жетекші маман, филиалдың үйлестірушісі, “ТұранӘлем Банкі”АҚ Жамбыл филиалының ОМРПК секторының меңгерушісі болып бастады

бұдан әрі “Еуразиялық банк” АҚ №10 филиалында ШОБ және КБ бөлімінің бас маманы, бас менеджері және бастығы бұдан әрі “Агро-өнімдер” ЖШС Басқарушы директоры “Рысбаева и Ко” ЖШС директорының орынбасары, 2021 жылдан бастап риск қызметінің басшысы, 2022 жылдан бастап “Тараз”ӘКК АҚ Басқарушы директоры

Инкарбекова Диана

Басқарушы директор

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»