АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

            «Тараз» ӘКК» АҚ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын  халық қажетіне тиімді пайдалану және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде көптеген жұмыстар атқарып отыр.

         Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру –  сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау арқылы жасалады. Тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар болып табылады.

        Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар (орындау үшін міндетті мерзімді келісімшарт) мен офтейк-келісімшарттар (тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы келісілген шарт) жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілері (дистрибьютерлер) арқылы жүзеге асырылады.

             Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық-түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.

          «Тараз» ӘКК  тарапынан Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірдегі келесі көтерме-тарату орталықтарымен келісімшарттар жасалған. Олар – «Дәмді себет» ЖШС (33 сауда нүктесі бар), «Тәңірберген Б» ЖК ( дүкен атауы «Нурислам» – 3), «KAAN» ЖШС («Фиркан» – 18 сауда нүктесі бар), «OPTOVIK №1» ЖШС (2 сауда нүктесі бар) деп аталады.

          Жамбыл облысы мен Тараз қаласы бойынша «Әлеуметтік дүкен» жобасы 2020 жылы басталды. Бүгінгі таңда 19 әлеуметтік павильон халыққа қызмет көрсетуде. Әлеуметтік павильондарда – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) тізбесіндегі азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағамен сатылуда. Бұл қызметте бағаның өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша тұрақтандыру қорымен мониторинг және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.  

         

          «Тараз» ӘКК АҚ»-ның тұрақтандыру қорына сатып алынған  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) форвард, оффтейк келісімшарттары негізінде өнім өндірушілердің қоймасында сақталуда. Форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу кезінде сатушы тауарды ұзақ уақыт сақтауға, жекеменшік немесе жалға алған қоймасының жарамды болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тауар толық сатылғанға дейін оның сапалы сақталуын қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізу қоймадан жүзеге асырылады. Олардың сақталу сапасын «Тараз» ӘКК АҚ» үнемі бақылап отырады.

           Биылғы жылы «Негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс атқаратын облыстық штаб отырысының хаттамасы» негізінде, тұрақтандыру қоры арқылы 2023-2024 жылғы маусымаралық кезеңге көкөніс өнімдеріне жасалған форвардтық келісімшарттарды 2024-2025 жылғы маусымаралық кезеңге қайта жаңарту жүргізілді. Және тауарларды орау, сақтау, өткізу, тасымалдау – өнім берушілердің тарапынан жүзеге асырылып отыр.  

             Ауыл шаруашылығы министрінің 29.07.2019 жылғы №280 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының» 13-3 тармағына сәйкес – форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылды.

        ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс атқаратын облыстық штаб отырысының хаттамасы» негізінде облыста ӘМАТ тапшылығын болдырмау, баға тұрақтылығын сақтау мақсатында әлеуметтік дүкендерге және Тараз қаласының ірі сауда желілеріне тауарлық интервенция жүргізілуде.

            Мысалы, биыл комиссия хаттамасы негізінде Тұрақтандыру қорынан күріштің 1 килограмын 420 теңгенден тауарлық интервенция жүргізіліп, дүкен сөрелерінде 1 килограмы 450 теңге бағамен сатылуда. Тараз қаласындағы ірі сауда дүкендері «Нурислам», «Дәмді себет», «Фиркан», «Оптовик №1» сауда желілерінде және әлеуметтік дүкендерде Тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: тауық жұмыртқасы – 52; ұн (1 сұрып) – 200; күріш – 450; сәбіз – 105; картоп  -120; қарақұмық – 270 және қырыққабат – 120 теңгеден сатылуда.

      Айта кететін жайт, тұрақтандыру қоры – облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры.

           Сонымен қатар, өткен жылдың 25 шілдесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұманғаринмен бекітілген Тауар айналымын қадағалау ұлттық жүйесінде «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның барлық контрагенттерін тіркеп және сатып алу келісімшарттары толығымен жүйеге енгізілген. Бұл жүйе сауда айналымын цифрландыруды және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеуді көздейді. Бұл өз кезегінде олардың көлемін тиімді бақылауға және бағаны реттеуге, азық-түлік тауарларының шарттары бойынша сараптауға, олардың қозғалысы мен өңірлер бойынша баға қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Тауарларды қадағалау жүйесін құрудың бастамашысы Сауда және интеграция министрлігінің құзыреті арқылы жүйенің пилоттық жобасын іске асыруды Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына жүктеген. Аталмыш оператор қажетті құзыреттерге, инфрақұрылымға және инновациялық шешімдерге ие.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»