Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ірі жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы басталды

Жамбыл облысында «Shengtai Biotech Co., Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүгеріні терең өңдеу бойынша аса маңызды, ауқымды инвестициялық жобасын жүзеге асыру басталды. Зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Жобаның бастамашысы – биоөнімдерді өндіретін халықаралық Fufeng Group компаниясы. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мыңнан 1 млн тонна жүгері өндіруге жетіп, кейіннен 3 млн тоннаға дейін өседі. Инвестиция көлемі шамамен 420 млрд теңгені құрайды.
Жоба құрылыс кезеңінде 6000 жұмыс орнын ашуға, ал пайдалануға берілгеннен кейін 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді (бастапқы кезеңде 400 жұмыс орны ашылады). Компания биыл 2026 жылдың өнімін өңдеу үшін 300 мың тонна жүгері сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жамбылдық шаруалармен офтейк-келісімшарттар жасасып, өзара тиімді әріптестіктің берік негізін қалауды көздейді.
Жүгеріні терең өңдеу қосымша құны жоғары өнімдер – аминқышқылдары (лейцин, валин, изолейцин, глутамин, цитрулин), крахмал, глюкоза алуға мүмкіндік береді. Қалдықсыз өндіріс жолға қойылады: дәнді дақылдардың қалдықтарын мал азығы ретінде пайдалану жоспарлануда.
«Fufeng Group Limited» басқарма төрағасы Ли Сюэчунь ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық туралы айта келе, Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдірді
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz