«Тараз» ӘКК: Біз қауіпсіздік талаптарын сақтауға мұқият назар аударамыз

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп үгіт-насихат шараларын өткізді.

Олар «Тараз «ӘКК» АҚ компаниясы және еншілес ұйымдарының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын қамтыды. Мұндай жаттығудың мақсаты өрт кезінде қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету, автоматты өрт дабылын қолдану, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және шұғыл эвакуациялау кезінде талаптарды сақтау болып табылады.

– Жоспарға сәйкес, Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлерінің қатысуымен Қ. Қойгелді көшесі, № 173 және Абай даңғылы, № 127 мекенжайындағы ғимараттарда «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы және жоғарыда аталған ғимараттарда жұмыс істейтін басқа да мекемелердің ұжымдарына «Өрт қауіпсіздігі, алдын алу тәсілдері және өрттің алдын алу» тақырыбындағы оқу-жаттығулар жүргізілді. Оқу – жаттығуға барлығы 115 қызметкер қатысты (оның ішінде: «Тараз» ӘКК» АҚ – 72 адам, басқа мекемелерден – 43 адам), – дейді әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қайрат Нартбаев.

Қайрат Нартбаевтың ақпараты бойынша, барлық қызметкерлер бұл процеске тартылды, өйткені өрт жылдың кез келген уақытында орын алады, сонымен қатар, біз олардың әртүрлі себептермен, басым көпшілігі – өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан болып жатқанын жақсы білеміз және төтенше жағдай кезінде өмірді құтқаратын ережелерді нақты сақтау қажет.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында облыс орталығында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланғанын хабарлайды. Айлық барысында Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлері тұрғын үй секторларында, қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде, сондай-ақ жем сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

– Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз! – деп ведомствода еске салады.

«Тараз» ӘКК ұжымы азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударуға шақырады.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»