«Тараз» ӘКК жамбылдықтармен жергілікті жерлерде белсенді кездесулер өткізуде

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңір әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жамбыл облысының барлық аудандарында болып, түрғындарды 2,5% жеңілдікпен несие алу жолдарымен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының алаңында ведомство басшысы Нұрби Жигитековтың төрағалығымен алдағы түсіндіру жұмыстарының жоспары талқыланды.

– Акционерлік қоғамның басшылығы цифрлық платформа жұмысының тетігін және KEZEKTE.KZ (ауылдық жерлерде жеңілдікпен кредит беру) және «Ауыл аманаты» жобасының бес бағыты бойынша егжей-тегжейлі түсіндіру үшін барлығымызды, сондай-ақ аудандар, ауылдық округтер әкімдерін жинады, – деді ол.

Кездесуде толыққанды ақпараты бар слайдтар көрсетіліп, сондай-ақ қатысушылардың әрқайсысы «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыровқа, корпорацияның агротехникалық қызметінің басшылары Берікбол Мандибаевқа, IT-сектор Нұрлан Расмамбетовке,  пилоттық жобаны ілгерілету және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу секторы Асыл Ақбердіге көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

– Несиелеудің барлық кезеңдері бұрын ешқашан автоматтандырылған емес, бірақ KEZEKTE.KZ электрондық сервисінің пайда болуымен бүкіл құжат айналымы толығымен онлайн режимде болатынын түсіну маңызды. Енді ауылдың әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ өтініш беріп, бүкіл процесті өз бетінше бақылай алады. Яғни, барлығы қолжетімді және ашық», – дейді IT секторының меңгерушісі Нұрлан Расмамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл аманаты» жобасы ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа тұжырымдамасының негізі болуға тиіс екенін атап өтті. Ағымдағы жылы бюджеттен 1500-ден астам жобаны іске асыру үшін 143 миллиард теңге бөлу көзделген.

– Сайлауалды тұғырнамамда мен ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуды айқындадым. Ол үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер берілетін болады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа сервистік-тұрмыстық қызмет көрсету үшін құрылатын болады, олар жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидияларға қол жеткізе алады. Бұл мақсаттарға шамамен 1 триллион теңге бағытталатын болады, – деп атап өтті Президент өз сөзінде.

Жұмыс сапары барысында «Тараз» ӘКК Жамбыл облысының барлық 26 ауылдық округіне – Жамбыл ауданының Айша бибі, Қарасу, Тоғызтарау, Жуалы ауданының Қарасөз, Қызыларық, Т. Рысқұлова ауданының Көкдөнен, Көгершін, Қордай ауданының Қарасу, Қарақемер, Байзақ ауданының Ынтымақ, Көптерек, Талас ауданының Берікқара, Бостандық, Аққұм, Шу ауданының Көкқайнар, Жаңа жол, Қорағатты, Меркі ауданының Ақтоған, Ақарал, Жаңатоған, Сарысу ауданының Игілік, Жаңаталап, Жаңаарық және Мойынқұм ауданының Бірлік, Қызылтал, Қызылотау ауылдарына барды.

Ауылдық округ тұрғындарымен кездесулерде «Ауыл аманаты» жобасының барлық бес бағыты туралы айтылды: үй маңындағы жерлерді тиімді пайдалану, мал мен құстың өнімділігін арттыру, жемшөп пен жайылым проблемаларын шешу үшін пай учаскелерін ұтымды пайдалану, кооперативтерді қажетті техникамен жарақтандыру және ауылдағы бизнес-жобаларды қаржыландыру. Мемлекеттің қолдауы жергілікті өндірістің әл-ауқатын, жұмыспен қамтылуын арттыруға және өнімін ұлғайтуға бағытталған.

– Көптеген азаматтарды бесінші бағыт – ауылдағы бизнес-жобаларды қаржыландыру қызықтырады. Мысалы, құс фабрикаларын салу. Біз өз кезегімізде халыққа мемлекеттік қолдаудың орасан зор мүмкіндіктерін мүмкіндігінше оңай және қолжетімді жеткізу үшін ауылдың жұмыс сапарымен айналып өтеміз. Мәселен, республикалық бюджеттен бөлінген 6 047 516 000 теңгеге «Ауыл халқының табысын ұлғайту жөніндегі жобаны масштабтауға микрокредиттер беру» бағдарламасы аясында 1211 кредит рәсімделді, – деп атап өтті «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

Ауыл тұрғындарының жобаға деген қызығушылығы үлкен. Олар бағдарламаны талқылауға қуана қатысып, сондай-ақ өте өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарын да қойды.

– Кездесуге қатысушылар консультациялық көмек, толық ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді: тұрғындарға үлестірме материалдар (буклеттер) таратылды, баннер орнатылды. Бұл жоба жер бетіндегі барлық тұрғындарға өте қажет. Осы қолайлы шарттармен мен өзім несие аламын деп үміттенемін. Мен мал шаруашылығымен айналысамын: сиыр, қой және жылқы өсіремін. Енді шаруашылықты дамыту үшін қарыз алуды жоспарлап отырмын, – деді Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округінің тұрғыны Маратбай Таласбаев.

Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін 15 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғанын атап өткен жөн.

Білу маңызды: несие алудың барлық процедуралары жылжымайтын мүлікке тәуелсіз бағалау жүргізуді қоспағанда, ақысыз негізде беріледі.

 «Ауыл аманаты» жобасы аясында өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

 – өтініш берушілер 6 айдан астам уақыт бойы мекенжай анықтамасында тіркелген, ауылдық округтерде тұратын тұрғындар, ауылдық округтің тұрғыны болып тіркелген азаматтардың жақын туыстары болуы тиіс;

– несие алушының/кепіл берушінің қолданыстағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;

– несие алушының жасы 18-ден зейнеткерлік жасқа дейін болуы;

– несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;

– мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;

– несиені кепілмен қамтамасыз ету (үй, пәтер, коммерциялық мүлік);

– несиенің кепіл нысанына сақтандыру қажет;

– ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора, ғимарат және т.б.);

– ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;

– қаржыландырылған жоба аясын-дағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы