Жамбыл облысында салынып жатқан металлургия зауыты 3 млн тонна болат өндіретін болады

​            Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асуда.

Сондай жоспарлы жобалардың бірі – Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы металлургиялық зауыт. Кәсіпорын құрылысының басталу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

​          Қытайдың жетекші металлургиялық компаниясы – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін жететін металлургиялық зауыт салады.

          ​Инвестиция көлемі – 564 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады.

​          Компания үлкен тәжірибесін пайдалана отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін темір рудасын терең өңдеудің толық циклін жолға қоюға ниетті: – бірінші кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат, – екінші кезеңде 2 млн тонна профилді және жолақты болат шығарылмақ.

​          Кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы енгізіледі. Бұл – өнім құрамындағы темірдің жоғары мөлшерде сақталуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіпте ғылыми тәсіл мен заманауи технологиялардың тиімді үйлесуі өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыра түседі.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»