Аймақта алғашқылардың бірі болып «Ashyq» жобасы енгізілді

«Ashyq» жобасын өңірде алғашқылардың бірі болып «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы енгізді. Аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен жоба санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылауға таптырмас бастама.  

Елімізде әлі күнге дейін коронавирус пандемиясының сейілер түрі жоқ. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілеріне кері әсерін тигізіп жатыр. Кәсіпкерлік саласы экнономиканың негізгі күре тамыры екендігі ақиқат. Сондықтан мамандар індет кезінде саланы құлдыратпаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осы орайда еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы қаулы шығарған болатын. Осының аясында «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы «Ashyq» жобасын енгізді.

Қазіргі таңда мұнда кәсіпкерлерге 8-ден астам мекеме өкілдері қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, облыстық кәсіпкерлік палатасының, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Тараз», «Атамекен» шағын қаржы ұйымдарының, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының, екінші деңгейлі банк менеджерлері, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша сарапшылық топтың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Өз кезегінде олар тәулігіне 25-тен астам бизнес өкілін қабылдап, түрлі кеңестер береді. Айта кетерлігі, санитарлық талаптар барынша сақталған.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»