Сүт сатып, күнделікті табыс тауып отыр

Осыдан екі жыл бұрын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы ауыл тұрғындарының өз-өзін жұмыспен қамтуына жол ашып отыр. Аймақта биыл да аталған жоба бойынша қайта несие беріліп, мал шаруашылығын қолға алғандар да жетерлік. Мәселен, жобаға Жуалы ауданынан енген Ақсай ауылдық округінің тұрғыны  Райхан Беркімбаева да жоба арқылы 4,5 миллион теңге несие алып, 7 сиыр мен 2 жылқы алған.

– Тың бастаманың ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруда маңызы зор. Олай дейтінім, осы уақытқа дейін екі ғана сиыр сауып, күнделікті табыс тауып келсем, жобаның арқасында Ойсылқара тұқымын 9-ға дейін арттырдым. Қазір оларды сауып, сүтіп сатып жатырмын. Сонымен қатар екі жылқы алған едім. Оны бордақылап, табыс табу жоспарымда, – дейді ауыл тұрғыны Р.Беркімбаева.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»