Су жаңа техникалар ауыл тұрғындары үшін қызмет етпек

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы биыл Жуалы ауданынан Ақсай ауылдық округі кіріп отыр. Нәтижесінде ауылдық округтен «Жуалы-2020» ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Бүгінгі күні кооператив «Тараз» микро-қаржы ұйымы арқылы 6 пайызбен 5 жылға лизингке «BIGDRUM 1250» маркалы жүгері оратын және «Venza-8 PRO» маркалы пневматикалық дән сепкіш техникаларын алып үлгерген. Сонымен қатар «Lovol-904» тракторы да жаңадан құрылған кооператив үшін жұмыс істемек. Айта кетерлігі, жалпы құны 37 миллион теңгеге лизингке алынған бұл техникалардың 25 пайызын Үкімет, ал 25 пайызы жергілікті бюджет арқылы субсидияланбақ.

– Пилоттық жоба аясында жаңадан «Жуалы-2020» ауылшаруашылық кооперативін қазіргі таңда 69 гектар жері бар. Алдағы уақытта бұл жер көлемі 700 гектарға дейін ұлғайтылмақ. Бүгінгі күні кооператив мүшелігіне 85 адам кірді. Осы техникалармен алдағы уақытта жұмыс істеп, кооператив мүшелерін арзан жем-шөппен қамтамасыз ететін боламыз, – дейді кооператив төрағасы Дидар Кенжебаев.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»