«Тараз» ӘКК» Акционерлік қоғамы активтері негізінде жобаны бірлесіп іске асыру мақсатында өтінімдерді қабылдау іс-шарасы басталғанын хабарлайды

«Тараз» ӘКК» Акционерлік қоғамы активтері негізінде жобаны бірлесіп іске асыру мақсатында өтінімдерді қабылдау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
№ | Нысанның атауы | Нысанның сипаттамасы | Құны | Орналасқан жері |
1. | Жалпы ауданы 4,6700 га құрайтын жер учаскесі. | Жол бойындағы сервис орталығын қызмет көрсету үшін. | 44 794 173 тг. | Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округі, Ботамойнақ ауылы, уч. кв. 094, уч. 124 А. |
2. | Жалпы ауданы 12,6 га құрайтын жер учаскесі. | Азық-түлік өнеркәсіп аймағын салу үшін. | 616 320 180 тг. | Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Асанбай Асқаров көшесі, уч.314. |
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 сәуірден 4 мамырға дейін.
Әлеуетті серіктеске қойылатын талаптар:
Әлеуетті серіктес келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
- Тиісті біліктілігі бар персоналдың болуы немесе жабдық жеткізушінің қолдауы;
- Жобаның жарияланған құнының кемінде 30%-ын құрайтын қажетті қаржылық және/немесе материалдық ресурстардың болуы;
- Жобаға қатысу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы (бірлескен кәсіпорын құру және басқару);
- Ликвидация процесінде болмауы;
- Әлеуетті серіктестің қызметіне, жобаны жүзеге асыруға немесе қатысу үлесі ретінде ұсынылған мүлкіне теріс әсер етуі мүмкін сот талқылауларына қатыспауы;
- Жамбыл облысы аумағында заңды тұлға ретінде міндетті түрде тіркелуі;
- Оң кредиттік тарихының болуы;
- Бюджет алдында салық және басқа да қарыздарының болмауы.
Сондай-ақ, №4 Қосымшаға сәйкес қажетті құжаттар тізімін ұсыну және жоба паспортының үлгісін толтыру қажет.
Кеңес алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Қолбасшы Қойгелді көшесі, 173, 3 қабаттағы 307 кабинетке хабарласуды сұраймыз.
Байланыс телефоны: +7 (7262) 555-075 (еншілес және тәуелді ұйымдармен жұмыс департаменті).
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz