«Тараз» ӘКК» АҚ «Zhambyl Invest» Дирекциясы инвестициялық жобалар секторының бас эксперті лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

«Тараз» ӘКК» АҚ «Zhambyl Invest» Дирекциясы инвестициялық жобалар секторының бас эксперті лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 03 маусым күні сағат 18:00 дейінгі мерзімде info@spk-taraz.kz электронды мекенжайға түйіндемені жолдауыңыз қажет. Хабарлама тақырыбында «Zhambyl Invest» Дирекциясы инвестициялық жобалар секторының бас эксперті лауазымына орналасуға конкурс белгіні көрсете отырып түйіндемені жолдау талап етіледі.
Квал. талаптар:
жоғары білімі бар;
жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
Білу керек:
«Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңдары;
Қоғамның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
Қоғамның Жарғысы, Басқарма туралы ереже, Қоғамның Директорлар кеңесі, инвестициялық жобаларды іске асыру регламенті және қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттары, еңбек шарты, Департамент туралы ереже және лауазымдық нұсқаулық;
Сыртқы және ішкі инвесторларды тарту үшін Жамбыл облысының мүмкіндіктері мен тауашалары бойынша талдамалық ақпарат дайындау процесін үйлестіру;
Жамбыл облысының әкімдігімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен инвестицияларды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіру;
Өңірде жобаны іске асыру бойынша меморандумдарға, келісімдерге, жол карталарына қол қою.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz