Menu
Баспасөз біз туралы: ЖАМБЫЛДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 35 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Спикер жиын барысында Қоғамның 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстары туралы кеңінен баяндады.
Айта кетейік, Қоғам 2020 жылдан бері алғаш рет жеке қаржылық есептілік бойынша 2024 жылды 183 млн теңге пайдамен аяқтады. Ал, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағын құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 млрд теңгеге артып, 48 млрд теңгеден 61 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz