Ауыл әлеуетін арттыратын жоба
Талас ауданында «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ауыл әлеуетін көтеру үшін қарастырылған жеңілдетілген несиесі бойынша шаруашылықтарын жүргізіп, одан табыс тауып, елге де, өзіне де пайдалы іспен шұғыданып жүрген тұрғындар саны көбейіп келеді. Оны мына цифрлардан анық көруге болады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 341, 628 мың теңгеге 48 жобаға өтініш қабылданған.
Мысалы, Қаратау қаласынан — 294, 2 миллион теңгеге 40 жоба, Қызыләуіт ауылдық округі бойынша — 17, 1 миллион теңгеге 3 жоба, Сәду Шәкіров ауылдық округі бойынша — 17, 45 миллион теңгеге 2 жоба, Ойық ауылдық округі бойынша — 4, 625 миллион теңгеге 1 жоба, Кеңес ауылдық округі бойынша — 5, 2 миллион теңгеге 1 жоба, Тамды ауылдық округі бойынша — 3 миллион теңгеге 1 жоба жүзеге асқан.
Ауданында «Тараз ӘКК» АҚ-нің 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несиесін алып, жеке кәсібін ашқысы келетін тұрғындардың саны жыл сайын артып келеді.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (775) 882 04 81
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz