ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕРДЕГІ БАҒА ТҰРАҚТЫ

«Тараз» ӘКК» АҚ қарасты әлеуметтік дүкендердің тұтынушыларына бірнеше азық-түлік тауарлары үлкен супермаркеттер мен базардағы нарық бағаларынан анағұрлым арзан бағамен ұсынылуда. Бұл — әлеуметтік жағынан әлзсіз топқа деген мемлекетіміздің қамқарлығының бірі. Бұл саясатты облыстық әкімдік пен «Тараз» ӘКК» АҚ өте ұтымды ұйымдастырып отыр. Бұған қарапайым халық та риза.

Мысалы, Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерде бүгінде ұн – 150, нан — 90, макорон өнімдері (1 сорт) – 290, қарақұмық — 198, күріш — 385, картоп — 130, пияз — 65, қырыққабат — 120, құмшекер — 390, күнбағыс майы — 570, тауық еті — 1200, сүт — 325, айран (2,5%) – 350, сары май – 1580, жұмыртқа – 48, Арал тұзы – 45, сүзбе – 12000 теңгеден өткеріліп жатыр.

Азық-түліктердің бағасымен бірге сапасы да тұтынушылар көңілнен шығуда. Өйткені, бұл азық-түліктер арнайы жабдықталған заманауи қоймаларда сақталған. Және әлеуметтік дүкендерге күн сайын жеткізіліп тұрады.

Марат Құлибаев.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»