Баспасөз біз туралы ТҰРАҚТЫ ҚОР. КҮЗГІ ЖӘРМЕҢКЕ БАСТАЛДЫ

Өткен сенбі, 4 қазан күні «Қала күні» мерекесіне орай Төле би даңғылы бойындағы «Достық» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде облыс аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдерімен қатар «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Тұрақты қорды сақтайытын қоймаларында тұрған өнімдер де сатылды.
«Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан 2 тонна картоп, 1 тонна пияз сатылымға шығарылды. Жәрмеңкедегі әлеуметтік тұрақтандыру қоры тауарларының құны нарық бағасынан төмен болғандықтан түгел өтіп кетті.
Атап айтқанда, картоп — 130 теңге, пияз — 80 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Әлеуметтік дүкендер желісіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да шығарылды. Алушылар арзан азық-түлікке қолдары жеткеніне риза болды. Олар «Осындай жәрмеңке апта сайын болып тұрса екен» дейді.
Нақтырақ айтқанда ұн, нан, рожки, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, тауық еті, сүт, айран, сары май, жұмыртқа, тұз, сүзбе нарықтаға бағадан төмен бағада сатылымға шықты.
Жәрмеңке халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыруға және бағаны тұрақтандыруға бағытталды.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (775) 882 04 81
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz