Баспасөз біз туралы Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым да ұмыт қалмайды

Ведомствоның мәлімдеуінше, тұжырымдама шеңберінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қатар дамыта отырып, келешегі зор ауылдардағы жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.
Даму әлеуеті жоғары елді мекендердің тізбесі 2019 жылы анықталып, әкімдіктердің ұсынысымен 2023 жылы өзектендірілді. Енді оларды орындау кезінде су, жылу, газ, электрмен жабдықтау жүйесі жаңғыртылып, қолайлы әлеуметтік жағдай жасалады.
Бағдарлама ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Қолдау тетігінің ішінде 2,5%-бен шағын несие мен лизинг бар.
Қазір министрлік скрининг арқылы елді мекендердің мамандануын анықтау тәсілін, ережелерді жаңартуда. Сонымен қатар, өңірлік ерекшелікті ескере отырып, микронесие беру тізбесі кеңейтілуде. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты жаңа қызмет түрлері танылды.
Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын арттыру, шығындарды қысқарту мен логистиканы дамыту үшін шағын индустриялық аймақтар құру көзделген. Олар өнімді сақтау, өңдеу мен сату алаңына айналып, жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орнын ашады.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz