Menu
Баспасөз біз туралы ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНГЕ БАРЫП ТҰРАСЫЗ БА?

«Тараз» ӘКК» АҚ-ның тұрақты қоры қамтамасыз ететін дүкендер әлеуметтің көп келетін орны
Мысалы, 13 шағын ауданындағы (Арай-2) әлеуметтік дүкенге келгендер 90 теңгенің нанын алып, риза болып, рахмет айтып жатқанын көз көрді.
Бұл дүкенде картоп — 175, сәбіз — 175, қызылша — 180, пияз 90 теңге тұрады.
Сапасы да жақсы. Дүкен сатушысы Райхан Үсенованың айтуына қарағанда, әлеуметтік дүкен жол бойында тұрғандықтан сауда жасаушылар көп келеді. Мұнда тұрақты қор арқылы жеткізілетін арзан азық-түліктермен бірге, коммерциялық тауарлар да сатылады. Әр тауардың өз алушысы бар. Зейнеткерлер үшін «Тараз» ӘКК» АҚ-ның тұрақты қоры әкеліп тұратын нарық бағасынан арзан азық-түлікті сатып алу ыңғайлы.
Бауырын май басқан адамдар үшін 90 теңгенің қара наны таптырмас ем дейді.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (775) 882 04 81
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz