Баспасөз біз туралы Өндірісі өркендеп, шаруасы шалқыған

Талас ауданында бірқатар өңдеу өнеркәсіп орындары аудан экономикасының көшін ілгері сүйреуде. Атап айтқанда, ауданда ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытынды болжамымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 28 миллиард теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері ақшалай – 1121,6 миллион теңгеге артық, ал нақты көлем индексі – 100,3 пайызды құрап отыр.

Ауданда өңдеу өнеркәсібін өркендетер кәсіпорындар баршылық. Атап айтқанда «Талас Инвестмент Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 10477 тонна цианид натрий және 3385 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 16 940 миллион теңге табыс тапты. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 420,3 миллион теңге тауып, заттай цианид натрий өнімін 974 тоннаға артық орындаған. Өндірілген өнімнің 2355 тоннасы экспортталды, оның сомасы 3600 миллион теңге. Өнім Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия мемлекеттеріне экспортталды.

Сондай-ақ, «Алина групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27866 тонна мәрмәр ұнтағын өндіріп, ол ақшалай 116 376 мың теңгені құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 16,8 миллион теңге және заттай 2340 тоннаға артық орындалды. «Амангелді ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1,3 мың тонна сұйытылған газ, 3,7 мың тонна дистилятор және 9 миллион текше метр газ метан өндірді.

Өнім 2024 жылмен салыстырғанда төмен қалыптасыпты. Мамандардың айтуынша, бұл ұңғымадағы газ қысымының төмендеуінен болып отыр екен. 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінің көлемі 8172,8 миллион теңгені құраған. Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібіне жататын «QazaqGas барлау және өндіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 104,7 миллион текше метр табиғи газ және 4,6 мың тонна газ конденсатын өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,3 миллион текше метрге кем. «Шолақтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 43,4 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға немесе 14,7 мың тоннаға кем орындалды. Себебі, фосфор шикізатына сұраныс төмендеген.

Қаңтар-тамыз айларында электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және ауаны кондициялаумен жабдықтау көлемі 1765,9 миллион теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 106,4 миллион теңгеге артып немесе 106,4 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 93,7 пайыз. «Игілік» шаруашылық жүргізу құқығындағы қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны 84,3 мың Гкал жылу энергиясы, 2750,4 мың текше метр табиғи су өндіріп, ақшалай 785,1 миллион теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 353,1 миллион теңгеге артық орындалды. «Wind POWER City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 тоқсанда 7,1 мың кВТ сағат электр қуатын өндірді, салыстырмалы түрде өткен жылдан 0,6 мың кВТ сағат кем орындалды. «Windeiektrositi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 тоқсанда 7,7 мың кВТ сағат электр қуатын өндірді. Өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мың кВТ сағат артық орындалды. Ал, «Шеңгелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 тоқсанда 20,2 мың кВТ сағат электр қуатын өндірген.

«Новотэкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 тоқсанда 2,1 (2024 жылы 7,5) мың кВТ сағат электр қуатын өндірген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мың кВТ сағат кем орындалған. Себебі, желдің самалының қатты болуынан 25 м/с жел электр станциясы автоматты түрде тоқтайды екен.

– Аудан бойынша кәсіпорындар арасында еңбек жанжалдарын, даулармен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Қаңтар айынан бастап 163 кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында айлық жалақыны 10-20 пайызға көтерді. Оның ішінде, «Talas Investment Company» және «Амангелді газ», «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Шолақтау» ТКӨК-і, «Игілік» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл-Недр», «WIND POWER CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестері 25 пайызға, «Амангелді ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 30, «WIND ELECTRICITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 35 пайызға көтерді. Өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтау, жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге меморандумдар саны – 339, оның ішінде ірі кәсіпорындар – 2, орта және шағын кәсіпорындар саны – 337 болып, барлық қамтылуы 100 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласы бойынша ірі салық төлеушілерден жергілікті бюджетке 1 миллиард 991 миллион 846 мың теңге түсті. Өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер баршылық, бүгінде Қаратау қаласында вагондарды тиеп алатын маневр тепловозы тапшы. Ал, өнеркәсіп саласындағы жоспарларға тоқталсақ, «Talas Investment Company» зауытының екінші желісін іске асыру, яғни жылына 15 мың тонна цианид натрий өндірісін 30 мың тоннаға жеткізу. Жобаның құны – 5 миллиард теңге. Жаңа жұмыс орны 300 адамды қамтиды. «Азия хим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 150 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіретін зауытының құрылысын бастау. Жобаның құны – 15 миллиард теңге. Мұнда 230 адам жұмыспен қамтылады. «Karatau Chemicals (Каратау Кемикалс)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 25 мың тонна пиросульфит натрий өндіретін зауытының құрылысын аяқтау. Жоба құны 2,8 миллиард теңге. 30 адам жұмыспен қамтылады. «Қаратау лайм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірінші кезең бойынша жылына 400 тоннадан 75 мың тоннаға дейін әктас өндірісін арттырмақ. Инвестициялық жоба құны 2 миллиард теңге. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 60 адам жұмыспен қамтылады. Жеке күтім өнімдерін өндіру жобасының (Domestos – Unilever) құны 10 миллиард теңге. 80 адам жұмыспен қамтылады. Ұнтақты өндіру жобасы (химия өнеркәсібі) құны 5 миллиард теңге. 100 адам жұмыспен қамтылады. Тазартылған тұз өндіру жобасы (химия өнеркәсібі) құны 10 миллиард теңге. 45 адам жұмыспен қамтылады. Аммоний бикарбонатын өндіру жобасы (химия өнеркәсібі) құны 5 миллиард теңге. 40 адам жұмыспен қамтылады. Натрий бикарбонатын өндіру жобасы (химия өнеркәсібі) құны 5 миллиард теңге. 55 адам жұмыспен қамтылады, – дейді аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.

«Ауыл аманатына» жүгінушілер көп

Аймақтағы мал шаруашылығына ыңғайлы ауданның бірі – Талас ауданы. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 11,9 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде, мал шаруашылығында 10,2 миллиард теңгенің өнімдері және өсімдік шаруашылығында 1,7 миллиард теңгенінің өнімі өндірілген.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Жандос Құдиярханның айтуынша, ауданда мал басын сақтау және өнімін ұлғайту бойынша өсім бар. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара – 32524, қой-ешкі – 361864, жылқы – 18703, түйе – 2389, шошқа – 172, үй құстары – 41862 болып отыр. Аудан бойынша барлық егістік жер – 22 359 гектарды құрайды. Оның ішінде, суармалы жер көлемі 12667 гектар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер – 11590 гектар, үй іргесіндегі жер – 1077 гектар.

Биыл өнім алу үшін барлығы 12544,3 гектар егіс алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Биыл 390 гектар егіс көлемі тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен егілді. Оның ішінде, «Зерхат» шаруа қожалығы – 190, «Рәтбек» – 35, «Нұрдәулет» – 100, «Демеш» – 55, «Мирас» – 10 гектар жерді қамтып отыр. Лазерлі жер тегістеу бойынша 129 гектар жер игерілді. Көктемгі егіс-дала жұмыстарына 439 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тартылған. Яғни, 349 трактор, 70 соқа, 18 дән сепкіш, 17 қопсытқыш, 1 дән улағыш. Осы мерзімде 16 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Биылғы көктемгі және күзгі егіс-дала жұмыстарына шаруа қожалықтарға 190,1 тонна дизель отыны берілді.

– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша негізгі басымдық кәсіпкерлік бағытына беріліп, қыркүйек айынан құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге 341,628 миллион теңгеге 48 жобаға өтініш қабылданды. Қаратау қаласынан – 40, Қызыләуіт ауылдық округінен – 3, С.Шәкіров ауылдық округінен – 2, Ойық ауылдық округінен – 1, Кеңес ауылдық округінен – 1, Тамды ауылдық округінен 1 жоба мақұлданды. Ауыл шаруашылығы бойынша 3 жоба, тамақ өнеркәсібіне – 13, құрылысқа қажетті өнімдер шығару бойынша – 7, қызмет көрсету саласы бойынша 25 жобаға 158,849 мың теңге бөлінді. Оның ішінде бүгінгі күнге 29 жобаға 197 417 000 теңге қаражат берілді. Қазіргі таңда бұл жобалар бойынша шаралар басталды, – дейді Жандос Құдиярхан.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Талас ауданы

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»