Баспасөз біз туралы: «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы: алғаш рет жылды пайдамен аяқтады

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2020 жылдан бері алғаш рет жеке қаржылық есептілік бойынша 2024 жылды 183 млн. теңге пайдамен аяқтады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағын құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 миллиард теңгеге артып, 48 миллиард теңгеден 61 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.

2024-2025 жылдар аралығында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өңірдің негізгі салаларын қолдауға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырды.

Жамбыл облысында шағын өнеркәсіптік аймақтар құру мақсатында 2024 жылы «Тараз» ӘКК» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен 4,56 млрд теңге сомасында қарыз шартына қол қойды. 2024 жылғы тамыз айында жалпы құны 4,56 млрд теңгені құрайтын үш инвестициялық жоба қаржыландырылды. Нысандарды пайдалануға беру 2025 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланған.

Аталған жобалар аясында «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы ауданы 40 000 шаршы метрді құрайтын өндірістік алаңдар салынуда. Аталған алаңдарда шыңдалған шыны, ауыл шаруашылығы техникалары, тамшылатып суару жүйелері, қағаз шығару, мототехника жинау және басқа да инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Ағымдағы жылы Қоғам тарапынан келесі жобаларды бірлесіп іске асыруға шарттар жасалды:

Сервис орталығын құру және дамыту

Орталық агроөндіріс субъектілеріне сапалы әрі қолжетімді қызметтер көрсетуді көздейді. Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету бойынша логистикалық шығындарды 10-15 пайыға дейін қысқартуға, өңірлік техника паркінің 38 пайызын қамтуға (жылына 300-500 өтінімге дейін), білікті жұмыс орындарын құруға және техникалық сервисті жергілікті жерде ұйымдастыру арқылы импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Автогаз құю компрессорлық станциясы

Бұл жоба сығылған метанмен жүретін автокөліктерді үздіксіз жанармаймен қамтамасыз етуге арналған. Станция екі компрессормен, газ кептіру қондырғысымен, аккумуляторлармен, басқару жүйесімен және әрқайсысы екі құю пистолетімен жабдықталған алты жанармай құю колонкасымен жабдықталады. Бұл бір мезгілде 12 көлікке дейін және тәулігіне 200 автобусқа дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Құрылыстың жалпы ауданы – 0,6 гектар. Жұмыс режимі – тәулік бойы.

Жаңатас қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізу.

Жоба ғимараттың пайдалану мерзімін ұзартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, энергетикалық тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Оның іске асырылуы тұрғын үй жағдайларын едәуір жақсартып, пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Аталған жобаларды іске асыру өңірдің өнеркәсіптік даму, сервистік қызмет көрсету, энергиямен қамтамасыз ету және жайлы қалалық орта салаларындағы басым міндеттерін шешуге жол ашады. 2024 жылғы мамыр айында «Тараз» ӘКК» АҚ базасында өңірге инвестиция тарту мақсатында «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Zhambyl Invest отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Zhambyl Invest-тың негізгі міндеттерінің бірі – Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Zhambyl Invest құрылғалы бері 300-ден астам кездесу мен консультация өткізіліп, инвесторлармен 25 меморандум мен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, бауырластық қатынастар (ҚХР қалалары мен аудандарымен Жамбыл облысының қалалары арасында) орнатылды. Сонымен қатар, 30-дан астам тауашалық және 20-дан астам инвестициялық жобаларға арналған тизерлер әзірленді. Шетелдермен ынтымақтастықты нығайту және инвестиция тарту мақсатында жұмыс барысында 5 басым бағыт таңдалды.

Бұл – Түркия Республикасы, ҚХР, Еуроодақ елдері, Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Zhambyl Invest жергілікті өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, олардың өнімдерін шетел нарығына шығару үшін жағдай жасауда. Бүгінгі күні жергілікті тауар өндіруші Ресей Федерациясына ет өнімдерін жеткізу бойынша үш экспорттық келісімшартқа қол қойған.

Облыс басшылығы мен кәсіпкерлерін қамтитын делегациялардың шетелдерге сапарларын ұйымдастырады. Халықаралық инвестициялық форумдарға белсенді қатысып, Жамбыл облысын Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі, Орталық Азия инвестициялық форумы және басқа да ірі бизнес алаңдарында таныстырады. Инвестицияларды тиімді тарту мақсатында негізгі мемлекеттік және ұлттық құрылымдармен ( «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Қазақстанның Экспорттық-Кредиттік Агенттігі (KazakhExport)» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б.) тығыз ынтымақтастық орнатып, инвестициялық қызметті үйлестіруді және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған қадамдар негізінде бүгінгі күні Zhambyl Invest жалпы құны 2,9 млрд АҚШ долларын (1,5 трлн теңге) құрайтын 35 іске асырылатын және пысықталып жатқан жобадан тұратын пулды сүйемелдейді. Олардың ішінде екі ірі жобаны атап өткен жөн. «Yonggang Iron and Steel Group Co., Ltd» ЖШС (Инвесторы: Fujian Hengwang Investment Co., Ltd) – Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында жылына 3 миллион тоннаға дейін металлургиялық зауыт салу жобасы. Оның құны – 674 миллиард теңгені құрайды және 2 500 жұмыс орнын құруды көздейді. «Shengtai Biotech Co.,Ltd» ЖШС (Инвесторы: Fufeng Group Ltd.) Құны шамамен 175 млрд теңге болатын, жылына 1 млн тонна жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жобасы. Жоба аясында 1 000 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Ағымдағы жылдың 16-17 сәуірінде осы зауыттардың құрылысын бастау рәсімі өтті.

Қорыта айтқанда, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. «Тараз» ӘКК» АҚ-ы сенім білдірілген агент ретінде «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2019-2024 жылдары аралығында жалпы 38,4 миллиард теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттен бөлініп, 8 027 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар осы жылдар аралығында жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін техникамен қамтамасыз ету мақсатында 2,4 миллиард теңге бөлініп, сенім білдірілген агент «Тараз» ӘКК АҚ арқылы игерілді.

Жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды, оның ішінде:

– бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 187,3 миллион теңге сомасына 24 жоба қаржыландырылды;

 – екінші бағыт – мал шаруашылығын дамыту бойынша 37 миллиард теңге сомасына 7 889 жоба қаржыландырылды;

– үшінші бағыт – ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша 673,4 миллион теңге сомасына 41 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қаржыландырылды;

– төртінші бағыт – ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін техникамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлініп 108 трактор, 169 аспалы және тіркемелі жабдық сатып алуға 48 кооператив қаржыландырылды;

– бесінші бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша 542,7 теңге сомасына 73 жоба қаржыландырылды. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін қайтқан қаражат есебінен қаржыландыру мақсатында тұрғындардан құжаттар қабылданып, жобаның бесінші бағыты бойынша (тұрғындардың өз кәсібін ашуы) 3,4 миллиард теңге сомасына 450 жоба несиелендірілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу шеңберінде 2024 жылы жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, 36 кәсіпкерлік субъектісі 124 ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға қаржыландырылды.

Агроөнеркәсіптік кешені саласы бойынша:

«Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру» жобасы аясында 2024 жылы республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда игерілген қаражат көлемі 8,5 миллиард теңге құрады:

– сүт-тауар фермаларын құру бойынша 4 жоба, 4,3 миллиард теңге сомасына қаржыландырылды;

– көкөніс қоймаларын құру 6 жоба, 2,4 миллиард теңге сомасына қаржыландырылды;

– тамшылатып суару жүйелерін орнату бойынша 1 жоба 700 миллион теңге сомасына қаржыландырылды;

– ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 4 жоба 965 миллион теңге сомасына қаржыландырылды.

Өңірлік тұрақтандыру қоры бойынша:

Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз» ӘКК» АҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қоймаларында:

1. Күріш – 101,6 тонна;

2. Қант – 5793,1 тонна;

3. Күнбағыс майы – 255,2 мың литр;

4. 1 сұрыпты ұн – 588,6 тонна;

5. Тұз – 3,2 тонна;

6. Жұмыртқа – 4 447 360 дана;

7. Қарақұмық (гречка) – 70,1 тонна

Сонымен қатар ағымдағы офтейк және форвардтық келісім шарттарға сәйкес тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары келесі тауар өндірушілерде сақталуда:

1. Күріш – 910 тонна (Қызылорда қ., «ЖанАрай» ЖШС және «Омарбеков» ШҚ);

2. Қант – 13 тонна (Меркі қант зауыты);

3. Күнбағыс майы – 383,4 мың литр (Өскемен қаласы, «Start TRZ» ЖШС);

4. Қарақұмық (гречка) – 32 тонаа (Павлодар қаласы, «Granov-PV» ЖШС).

Аталған азық-түлік тауарларын өнім жеткізушісі өңірлік тұрақтандыру қорының өтініміне сәйкес жіберіп отырады. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының көкөністері жайында айта кететін болсақ өнімді жаңартуға «TRZ Agro» ЖШС, «Жакан» ЖК және «Шарипов» ШҚ-мен қосымша келісім жасалды. Жасалған қосымша келісімнің шарты бойынша аталған көкөністерді ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 2025 жылдың күздік өнімінен жинап және оны сақтап беруге міндетті.

1. «TRZ Agro» ЖШС – 567,6 тонна сәбіз, 2536,9 тонна картоп, 1000 тонна пияз;

2. «Жакан» ЖК – 436,9 тонна кырық қабат;

3. «Шарипов» ШҚ – 200 тонна сәбіз.

2024 жылы әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан төмендегі тауарлар интервенциясы жүргізілді:

1. Қарақұмық – 1,2 тонна;

2. Қырыққабат – 10,7 тонна;

3. Картоп – 44,7 тонна;

4. Сәбіз – 13,1 тонна;

5. 1 – сұрыпты ұн – 3,4 тонна (наубайханаларға – 1810 тонна);

6. Күріш – 59,1 тонна;

7  Жұмыртқа – 1 764 760 дана;

8. Күнбағыс майы – 84 810 литр

2024 жылдың 3 мамырында ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде маусымаралық кезеңде ішкі нарықты ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында «Шарипов» ШҚ Тараз қаласындағы ірі сауда дүкендерімен келісім-шарттар жасап, ірі сауда дүкендерге ерте пісетін көкөністерді «Шарипов» ШҚ өтінім бойынша жеткізуін қамтамасыз етті (пияз – 3,5 тонна, картоп – 0,5 тонна).

2024 жылдың тамыз айында баға тұрақтандыру мақсатында айналым схемасы бойынша жылдық өсімі 0,01%-бен көкөніс өнімдеріне 40,3 млн. теңгеге «Шарипов» ШҚ қаржыландырылып, жасалған несие шарты негізінде күздік маусымаралық көкөністер 360 тонна қырыққабат, 50 тонна картоп, 40 тонна сәбіз, 50 тонна пияз әлеуметтік дүкендерге және Тараз қаласының сауда желілеріне жеткізілуге бағытталды.

2024 жылы аталған көкөніс өнімдерінен 1,5 тонна қырыққабат, 0,6 тонна картоп және 3,2 тонна сәбіз сауда желілеріне жеткізілді (2025 жылы 12 тонна картоп, 2,5 тонна пияз өнімін жеткізді). Тауар өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2023 жылы ӘМАТ сатып алу бойынша жасалған келісім шарттардың бағасын қайта қарап, төмен бағада қосымша келісім жасалды.

Атап айтатын болсақ, 460 теңге «Күріш» бағасын 400 теңгеге (510 тонна), 590 теңге «Күнбағыс майын» 450 теңгеге (300 000 литр) және 250 теңге «Қарақұмық» бағасы 180 теңгеге (32 тонна) төмендетілді.

2025 жылдың 10 қаңтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияның №1 хаттамалық шешімімен картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне картопқа интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.

2025 жылдың басынан бастап, Тараз қаласы аумағындағы «Дәмді себет», «Нурислам», «Фиркан», «Әлеуметтік дүкен» және үй маңындағы дүкендерге 418,3 тонна картоп 130 теңгеден дүкен сөрелеріне қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан төмендегі тауарлар интервенциясы жүргізілді:

1. Картоп – 418,3 тонна;

2. Сәбіз – 19,2 тонна;

3. Қырыққабат – 52,3 тонна;

3. Жұмыртқа – 284 280 дана;

4. Күнбағыс майы – 32 250 литр;

5. Күріш – 0,3 тонна;

6. Қант – 18 тонна.

Бүгінгі таңда, «Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан өнім берушілерден сапалы өнімді жеткізу талап етіліп, сонымен қатар сауда орындарының сөрелерінде сапалы тауарлардың тұруына және ӘМАТ бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары Жамбыл облысының «Статистика департаментімен» бірігіп те жүргізіледі.

2025 жылдың 15 наурызынан бастап Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 18Д мекенжайында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне тұрақтандыру қорының тауарлары тұрақты түрде шығарылып, қала тұрғындарына арзандатылған азық-түлік сатылды.

Атап айтатын болсақ, қазіргі таңда басты қажеттілікке айналған картоп көкөнісінен 15 тонна, қырыққабаттан 2 тонна, сәбізден 6 тонна жармеңкеге арзандатылған бағамен қойылды.

Алдағы уақытта болатын жармеңкелерге тұрақтандыру қоры белсенді түрде қатысып, арзандатылған азық-түлік сөреге шығарылатын болады.

 

Берік МАНАСОВ

«Тараз» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы.

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»