ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫ
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы
«Тараз» ӘКК» АҚ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) шеңберінде Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бюджеттік кредит беруді қолдауды жүзеге асыру жөніндегі Сенімді агент болып табылады.
Бүгінгі таңда соңғы қарыз алушыларға несие беру арқылы «Тараз» ӘКК» АҚ 7 200 000 000 (жеті миллиард екі жүз миллион) теңге көлемінде бөлінген қаражатты толық игерді.
Пилоттық жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды:
- 1 бағыт - өсімдік шаруашылығы үшін жеке учаскелерді пайдалану.
- 2 бағыт - үй жанындағы аулаларды мал және құс шаруашылығына пайдалану.
- 3 бағыт - жер ресурстарын елді мекендерден тыс жерлерде пайдалану.
- 4 бағыт - кооперативтер құру және жасақтау.
- 5 бағыт - ауылдағы шағын бизнесті қаржыландыру.
Берілген кредиттердің жалпы саны - 2 489
Жоба аясында несиелер келесі шарттармен берілді:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін кредит/микрокредит мерзімі-7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз ету.
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
tarazspk@spk-taraz.kz