Slide
Slide
Slide
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
Slide
taraz-city-1200x460
taraz-city-1200x460
previous arrowprevious arrow
next arrownext arrow
g5kyfVRt1G9WzR3t8V4nuEkirYzmodqVF09dHwpA

ӘКК туралы

«Өңірлер әлеуетін арттыру үшін әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялар құрылды, мұндай құрылымдар қазір барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада жұмыс істейді.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын толыққанды институтқа айналдыратын уақыт келді. Аймақтық корпорациялар жұмысы ашық және толығымен қоғам бақылауында болуы қажет. Дәрменсіз және мардымсыз активтер оның қарамағынан шығарылуы керек».

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.

Талас ауданында «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ауыл әлеуетін көтеру үшін қарастырылған жеңілдетілген несиесі бойынша шаруашылықтарын жүргізіп, одан табыс тауып, елге де, өзіне де пайдалы іспен шұғыданып жүрген тұрғындар саны көбейіп келеді.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік ісі жыл санап қарқынды дамып келеді десек, оның ішінде ас атасы саналатын нан өндірісін де атап өткен жөн. Бұрындары нан өндірушілер тек аудан орталығында ғана болса, қазір орталықтан шалғайда жатқан бірқатар ауылдарда шағын наубайханалар іске қосылып, өнімді жұмыс атқаруда.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы елдің көсегесін көгертіп, табысын арттырып отыр. Жоба ауыл тұрғындарын аграрлық я болмаса дамымай тұрған бизнесті алға сүйреп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 2022 жылы біздің облыстан бастау алған пилоттық жоба бүгінде бүкіл өңірді қамтып отыр.

Талас ауданында бірқатар өңдеу өнеркәсіп орындары аудан экономикасының көшін ілгері сүйреуде. Атап айтқанда, ауданда ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытынды болжамымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 28 миллиард теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері ақшалай – 1121,6 миллион теңгеге артық, ал нақты көлем индексі – 100,3 пайызды құрап отыр.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Тараз қаласында бизнесті дамытамыз

0
АЙНАЛЫМДАҒЫ ЖОБАЛАР
0
ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЛН. ТГ
0
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы