Ауыл аманаты: Жоба аясындағы қаржыландырудың басты талаптары мен шарттары

  • Халықтың өз ісін ашуы мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде қаржыландырудың негізгі шарттары:

Микрокредиттің ең жоғары сомасы:

— жеке кәсіпкерлер үшін — 2 500 АЕК;

— ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін — 8 000 АЕК;

— жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 2,5%;

— кредитті өтеу мерзімі 5 жылға дейін;

  • «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша негізгі талаптар

— жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай тұрақты тіркеудің болуы;

— қарыз алушыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;

— басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

— мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;

— қарыз алушының 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі жасы;

— кепіл затының болуы;

— кепіл затын сақтандыру;

— тұрақты жұмыс орындарын құру;

— бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (ғимарат, жер учаскесі, жарық және су және т.б.);

— өтінішті «Ауыл аманаты» электрондық платформасы арқылы жіберу (https://crm.amanatnesie.kz/ #/);

— сатып алынатын жабдық бойынша коммерциялық ұсыныстың болуы.

 Қосымша сұрақтар бойынша мамандарға хабарласып білсеңіздер болады:

Батыржан – 8 707 146 95 59

Алтынбек – 8 777 932 19 22

Құралай – 8 747 195 62 39

Нұржігіт – 8 776 416 01 11

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»