Баспасөз біз туралы «Тәттімен» кір жусаң киімің шатырдай болады

Меркі ауданында іске икемі бар кәсіпкерлер көп. Соның бірі – Әлмахамбет Мамытов. Ол басқаратын «Мамытов Әлмахамбет Жанұзақұлы» деп аталатын жеке кәсіпкерлік компаниясы ауыл тұрғындары үшін тың іске тәуекел етті.

Бұл үшін Әлмахамбетке «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5-бағыты қол ұшын берді. Өз жобасына нық сенген ол Меркі ауданы, Тәтті ауылынан кір жуатын сұйық ұнтақ өндіру цехын ашты. «Кәсібім – нәсібім болар» деген ізгі ниет те баяғы.

Есептей келгенде Әлекеңнің несиеге алған қаржысының көлемі 5 600 000 теңге болды. Ол осы қаражатты 60 айдың ішінде «Тараз» ӘКК» АҚ-на қайтаруы керек. Алпыс айыңды жылға шақсаң, 5 жыл болмай ма? Жылдық мөлшерлемесін бар болғаны 2 ,5 пайызбен алған 5 600 000 теңгені қолынан іс келетін Әлімхан сияқты кәсіпкерлер бес жылда ойнап жүріп қайтармай ма? Әрине, қайтарады.

Сөйтіп ол не сиеге алған қаражатын сұйық сабын өндіруге арналған құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады. Құрал-жамбдықтары жерге қаратқан жоқ. Ақаусыз жұмыс істеп тұр. Шикізаты да жеткілікті.

Бүгінде Тәтті ауылынан кір жуатын сұйық ұнтақ шығаратын «зауыт» ашқан кәсіпкер 3 тоннадан астам сұйық ұнтақ (порошок) өндірді. Алғашқы аяқ алысы жаман емес. Өндірген өнімдерін аудан орталығындағы базар мен жекеменшік кәсіпкерлерге өткеруде.

Құты сыртындағы «Тәтті» деген жазудың өзі адамға қанат бітіреді екен. Өзің өндірген өнім, оның үстіне өз ауылыңның аты жазылған өнім ауданға, одан облысқа, тіпті, елінің түкпір-түкпіріне тарап жатса, оны сатып алған адамдар «Кірді жақсы ашады екен. Атына заты сай өзінің» деп мақтап, риза боп жатса, одан артық қуаныш бар ма?!

Әлмахамбет осы істі бір дөңгелетіп алса, алдағы уақытта бұдан да ауқымды жобаларды қолға алмақ.

 Әлібек ҚАНАЕВ.

Меркі ауданы

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»