Ауыл аманаты: Шалғай аудан шаруашылықтарында

Бүгінде Сарысу ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 6 ауылдық округ қатысуда. Бөлінген қаржы 4,7 миллиард теңге. Жобаның аясында 697 жаңа кәсіпкер тіркеліп, 712 жаңа жұмыс орны ашылды. Осының нәтижесінде атаулы көмек алатын отбасылар 201 отбасынан 48 отыбасыға азайған. Бұл осыншама отбасының әлеуметтік жағдайы бұрынғысана қарағанда жақсара түсті деген сөз.
Сосын аталған жобаға дейін өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 910 болса, жобадан кейін 1635 азамат өзін жұмыспен қамтыған.
Бүгінде 6 кооперативке 64 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, жұмысқа жегілген. Іске асқан жоба тұрғындар табысының артуына, өндірістің, салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясының кәсіпкерлік бағыты бойынша 49 адамға несие беру көзделсе, қазіргі күні 21 азаматқа 197 миллион теңге несие берілген.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz