Баспасөз біз туралы: Қиын жағдайдағы балалар жаңа спорт алаңдарымен қамтылды

Мәселен, жуырда «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының бастамасымен, ал «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы облыс әкімдігі білім басқармасының «Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің аумағында волейбол және баскетбол алаңын салу жоспарланды. Жалпы, бұл жобаны жүзеге асыру үшін банк тарапынан 11,7 миллион теңге бөлінген.
Бұл бастаманы қолдаушылардың айтуынша, жоспарланған алаң және дене шынықтыру нысандары заманауи талаптарына сай жабдықталып, мекеме тәрбиеленушілерінің белсенді демалысын ұйымдастыруға және спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік бермек. Аталған бастама өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға, олардың физикалық және психологиялық дамуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz