Жоба аясында қымыз өндірісін ұлғайтпақ

Өңірде “Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру” Пилоттық жобасы бойынша ауыл тұрғындарына қайта қаржыландыру арқылы несие беріліп жатқаны белгілі. Бұл орайда, жобаға енген ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен несие беру жұмыстары да қарқынды. Мәселен, Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округ тұрғыны Қуаныш Көлбай жоба аясында «Тараз» ӘКК» АҚ-дан 4,3 миллион теңге несиеге қол жеткізген. Бұл қаржының 4 миллионына 9 бас жылқы алса, 300 мыңына жем-шөп сатып алыпты.

– Жоба аясында ауылда қымыз өндірісін ұлғайтуды көздеп отырмын. Осы уақытқа дейін 2 бие сауып келсем, жоба арқылы олардың қатарына 9 бие қостым. Осылайша, мал санын арттыруды жоспарлап отырмын, – дейді Қ.Көлбай.

Айта кетерлігі, ауыл тұрғыны бұған дейін күбі пісетін арнайы аппарат та сатып алып қойыпты. Сәтін салса, келер көктемде күні кеше несиеге алған биелері құлындаса, бірден қымыз өндірісіне кірісіп кетпек. Осылайша,  тұрғын ауылда отырып-ақ мол пайдаға кенелуді жоспарлап отыр.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»