ЖК ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР
- БАСТЫ БЕТ
- 1.ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАР
- ЖК ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР
-
Телефон:
8 (707) 288 27 30 -
Телефон:
8 (776) 600 22 79 -
Мекен-жайы:
Тараз қаласы
Сүйлеменов көшесі, 17 -
Email:
uk.iz.taraz@mail.ru -
Instagram:
@izone_taraz
Сипаттамасы
Индустриялық аймақ Тараз қаласы мен Талас ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Индустриялық аймақтың ауданы - 204 га.
Индустриялық аймақты басқару
Индустриялық аймақтың басқару органы «Тараз» индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС, «Тараз» ӘКК» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
Инвестициялық жоба төмендегі өлшемдерге сәйкес келуі керек:
- Жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін және экологиялық талаптарға сәйкес келетін заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану;
- Өнімнің/қызметтің бәсекеге қабілеттілігі;
- Өнімнің/көрсетілетін қызметтің экспортқа бағдарлануы немесе импортты алмастыруы;
- Өңірде ұқсас өнімдердің болмауы;
- Жобалық компанияның жақсы тәжірибесі мен беделі;
- Жобаны толық көлемде қаржыландыру көздерінің болуы.
Қызметтің басым түрлері:
- индустриялық аймақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Өтініш берушіні индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде мақұлдау және тіркеу рәсімдері
- өтініш берушінің басқарушы компанияға қатысушы ретінде тіркеу туралы өтінім беруі;
- басқарушы компанияның ИА-та орналастыру үшін жобаның басымдылығы, инвестициялық жобаның қажеттіліктеріне жер учаскесінің сұралып отырған алаңының негізділігі, Жамбыл облысының аумағында ұқсас өнім өндірісінің болмауы мәніне тиісті құжаттарды қарауы;
- жоба бойынша оң шешім алу үшін мәселені Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) қарауына шығару;
- оң шешім болған жағдайда Басқарушы компания мен өтініш беруші индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінің қызметін жүзеге асыру туралы шартқа және қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартына қол қояды.
ИА аумағында орналастыру үшін индустриялық аймақтың қатысушыларына қойылатын талаптар:
Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:
- уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
- өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
- жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
- өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсетуші банктің үзінді көшірмесі және кредиттік бюроның кредиттік есебі;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы.
Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар келесі заңдастырылған құжаттарды ұсынады:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
- сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар.
Жобаларды іріктеу критерийлері
Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:
- өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) қызмет көрсететін банктің үзінді көшірмесімен және кредиттік тарихта бар толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредиттік бюродан алынған кредиттік есеппен расталған банктік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
- тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органынан салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен расталған салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болмауы.
Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:
- жобаны іске асыру өңірлері болып табылмайтын өңірлерде ұқсас жобаларды ілгерілету;
- жобаның импортты алмастыратын немесе экспортқа бағдарланған бағыты;
- индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру.
Карта:
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
tarazspk@spk-taraz.kz