Несие алып, шаруашылығын дамытпақ
«Тараз ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы саналатын «Atameken-Taraz» микро-қаржы ұйымы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы несие беруді бастады. Аталған жоба арқылы жоба арқылы оқып, сертификат алған аймақ тұрғындары жеңілдетілген несиеге қол жеткізуде. Өңірде алғаш болып «Бастау Бизнес» жобасы арқылы несие алып отырған тұрғындардың бірі байзақтық Нышанбай Бесбай. Бүгінгі күні «Арсен» жеке кәсіпкерлігін басқаратын ол 2019 жылы Байзақ ауданында «Бастау Бизнес» жобасын бойынша оқыған. Сол арқылы өз бизнес жоспарын бизнес-тренерімен бірге әзірлеп грант иегері де атанған. Осылайша, 200 айлық есептік грантқа да қол жеткізіп, өз шаруашылығын бастап кетіпті. Айта кетерлігі, ол берілген қаражатқа сүтті ешкілерді алып, оның сүтін өндірумен айналысуда. Қазірі таңда 10-нан астам ешкілері бар.
Жеке ісін одан әрі дамытуды жоспарлаған Нышанбай Бесбай «Atameken-Taraz» микро-қаржы ұйымы арқылы 6 пайызбен 4.500.000 теңге несие алып отыр. Бұл қаражатқа ол 74 бас қой алып, жеке шаруашылығын әрі қарай дамытпақ ниетте.
– Жеке шаруашылығым Жамбыл облысында орналасқан. Қазіргі пандемия уақытында мемлекет тарапынан бөлініп отырған мұндай қолдаулар, біз секілді еңбегін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге үлкен көмек болмақ. Бұл мүмкіндіктерге өте ризамыз. Әрине Кәсіпкерлік жол оңай емес, бір құлайсын бір жығыласын. Алайда үлкен еңбекпен талпыныстын арқасында ғана белгілеген мақсатқа жетесің. Өткен жылы оқу барысында да түсінбеген, білмеген жерлеріміз де болды. Алайда, бизнес тренерлеріміздің айтуының және үйретуінің арқасында көп нәрсені үйреніп, бүгінде ақ адал еңбегіміздің нанын жеп отырмыз, – дейді Н.Бесбай.
Бүгінде облыста 4410 адам «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқып, сертификатқа қол жеткізген. Алдағы уақытта олардың осы жоба бойынша 6 пайыздық үстемемен несие алуларына жол ашылып отыр. Айта кетерлігі, сертификат алған азаматтар жеңілдетілген несиені 5 жылға дейін рәсімдей алады.
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
tarazspk@akkaq.kz