НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ТАУАРЛАРЫ ӨТКЕРІЛДІ

18-19 қыркүйек күндері ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында шаһар аумағында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан болатын. Айта кетерлігі, бұл жәрмеңкеде «Тараз» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан 5 тонна қант, 3 тонна күріш, 2 тонна сұйық май өткерілді. Аталған тауарлар астаналық тұрғындарға нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада сатылды.

Жалпы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бастап барған шараға аймақтан Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік тауарларының ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 3,5 тонна шұжық, 12,1 тонна сүт өнімдері, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,0 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 128,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.

Елордадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 115,2 млн. теңгені құрайтын 182,0 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткерді.

 

 

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»