Жарияланым ізімен

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жалған жарияланымдардың жиілеп кетуіне байланысты ресми баспасөз релизін дайындады.

2023 жылғы 20 ақпанда «Halyq uni» ақпараттық порталында акционерлік қоғамның бұрынғы бас есепшісі спикер ретінде сөз сөйлеген «Әкімдік бәрін біліп отыр». Таразда жарты млрд теңгенің тауары жетіспейтінін айтқан мекеме бухгалтері қызметінен қуылды» тақырыбындағы біржақты мақала шықты.

Ашып айтар болсақ, Г.Ш. Мүслімованың акционерлік қоғамда қаржылық тәртіптің бұзылуы, жетіспеушілік және ұрлық туралы хабарлаған өтінішінің негізінде Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізді.

07.02.23 жылғы №72 бұйрыққа сәйкес, комиссия облыс әкімдігінің, өңірдің «Атамекен» ҰКП қызметкерлерімен, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларына түгендеу жүргізді, оның нәтижесінде азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі анықталмады.

«Тараз» ӘКК» АҚ бухгалтері Г.Ш. Мүслімовамен 10.02.2023 жылы еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін еңбек шарты бұзылды.

Ішкі аудит қызметі туралы желідегі жарияланымдарға қатысты. Компания клиентке бағдарланған ұйым болып табылғандықтар, ұйымдық құрылымды қайта қарау қажеттілігі туындаған болатын, сонымен қатар ішкі аудит функцияларын аутсорсингке (аудиторлық компанияларға) шығару туралы шешім қабылданды. Сол себепті, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, «Тараз» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің 22.02.2023 жылғы шешімімен Ішкі аудит қызметі таратылды. Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тағы бір атап өтерлік жағдай, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне, оның ішінде ІАҚ басшысы К.А. Джылкайдароваға «Тараз» ӘКК» АҚ-да бос орындар  ұсынылды.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Г.Ш. Мүслімованың өтініші негізінде «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорына тексеру жүргізуде. Әлі ешқандай қорытынды жоқ. Осы жерде, сіздерге өтініш: коммуникация құралдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, олай болған жағдайда компания жала жабу, жалған ақпарат тарату, корпорацияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру бойынша арызбен тиісті органдарға жүгінуге мәжбүр болады.

Тексеру іс-шаралары аяқталғанға дейін өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы