Дүкеннің өз тұтынушылары бар немесе мұндағы азық-түлік бағасы тұрақты

      Азық-түлік бағамы қанша қымбаттаса да, аудан орталығындағы Әлеуметтік дүкендегі баға нарықтан біршама төмен өткерілуде. Қыста құны шарықтап кеткен картоптың бағасы мұнда 130-дан, сәбіз 90, өсімдік майы 560 теңгеден саудалануда. Бір айта кетерлігі, халыққа арзан азық-түлік өнімдерін ұсыну мақсатында құрылған бұл «Әлеуметтік дүкен» өзінің өнімдерін арзан бағада аудан тұрғындарына ұсынып келеді.

       Дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы нарық бағамынан 10 пайызға төмен. Яғни, мұнда макарон өнімдері 285 теңге болса, жұмыртқаның он данасы 350 теңге тұрады. Сонымен қатар, дүкеннің сөрелерінен нанды 90 теңгеден ала аласыз. Ал, ұнның бір килограмы 150 теңгеден. Одан бөлек, күріштің бағасы мұнда 400 теңге болса, қарақұмық 198 теңгеден. Қанттың бір килограмы 370 теңгеден саудаланса, тұз 45 және 70 теңгеден өткерілуде. Сүтті 325 теңгеден, айранды 350 теңгеге алуға болады. Дүкеннің қазіргі жағдайымен т а ны с у ү шін с а т ушы Г ү л ха н Дәулетованы әңгімеге тарттық.

-Қазіргі таңда дүкенде үш адам жұмыс істейді. Көтерме сауда желілері арқылы бізге тауарларды төмен бағада жеткізеді. Осы арқылы тауарлардың бағасы қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі. Мәселен, кейбір өнімдер тоңазытқышта сақталуды қажет етпейді. Сондықтан дүкеннің ішіндегі қалыпты температурада сақтала береді. Егер де тұтынушы сатып алған затының сақталу мерзімінің өтіп кеткенін байқамай сатып алса, онда оны қайта дүкенге әкеліп, чекті көрсетіп, ақшасын кері қайтарып алуға құқығы бар. Тек дер кезінде әрі уақтылы байқап, тауарды қайта өткізуі керек. Біз үлкен супермаркет емеспіз. Мұнда кез келген тауар бола бермейді. Дүкенге ең қажетті деген азық-түлік жеткізіледі. Өйткені, аудандағы осал топтағы отбасыларды қамтамасыз етуіміз керек. Шектеулер әлеуметтік тауарларға ғана қойылған. Яғни, дүкенде бес литр сұйық май 2800 теңге тұрады. Алыпсатарлықтың алдын алу үшін бір қолға сұйық май тек бір құтыдан ғана үлестіріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік азықтүлік сөресіндегі құмшекер, күріш, макарон өнімдері, тұз, сүтпен, ұнға шектеулер бар. Өйткені, тек бір отбасы ғана емес, өзге отбасылар да қолжетімді бағадағы тауарды алуы керек,- дейді Гүлхан Дәулетова.

      Алғаш ашылғанда бұл дүкенге келушілердің қарасы мол еді. Қазір байқап қарасаңыз, кіріп шығып жатқан адам аз. Дүкеннің өз тұтынушылары бар. Олар зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар.

Баян Тұрсынқұлқызы, «Жаңа өмір» газетінің тілшісі.

Жуалы ауданы,

Бауыржан Момышұлы ауылы.

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»