«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты (Тұрғындардың өз кәсібін ашуы) бойынша несиелендірудің негізгі талаптары мен шарттары туралы түсіндірме жұмыстары

«Тараз» ӘКК» АҚ-ы мамандарымен ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында Шу, Мерке, Т. Рысқұлов және Талас аудандарында «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты (Тұрғындардың өз кәсібін ашуы) бойынша несиелендірудің негізгі талаптары мен шарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Несие алуға ниетті аудан тұрғындарының сұрақтарына толықтай жауаптар беріліп, өтініштері ескерілді, жобаны жетілдіру бойынша ауыл әкімдерімен ұсыныстар талқыланды.
Алдағы уақытта қалған аудандарда да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.






Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz