Қожалыққа жаңбырлатып суару жүйесі табыс етілді

Аймақтағы диқандарға жаңбырлатып суару техникаларын беру жалғасын табуда.  Мәселен, Т.Рысқұлов ауданы бойынша бүгінде 19 шаруа қожалықтардан өтінім қабылданып, соның 12-не «Жаңбырлатып суару жүйелері» табыс етілген. Сондай-ақ 7 кәсіпкерге жақын арада тапсыру жоспарланған.

Осындай техникаға қол жеткізген қожалықтың бірі аудан орталығында орналасқан «Тұлпар» шаруа қожалығы. 6 миллион теңгелік жаңбырлатып суару жүйесін алған  аталған қожалық жаңа жүйені мамыр айының 13 күні іске қосты. Жаңа техниканың іске қосылу салтанатына  Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлдибек Туғанбаев, бас маман Еркебұлан Рахманқұл және   «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының аудандық өкілі Ерғали Юнисов пен құрылғыны алып жатқан барлық шаруа қожалықтар қатысты. Жиында техниканы Алматы қаласынан жеткізуші мамандар құрылғының жұмыс істеу технологиясын түсіндіріп, қожалық өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.  

Өз кезегінде жаңбырлатып суару жүйесін толық көлемде іске қосқан «Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы Бейсенбай Танбаев заман талабына сай жаңбырлатып суару жүйелерінің қажеттілігіне тоқталып, құрылғының жұмысына жоғары бағасын берді. Сондай-ақ ол техниканы алуға қолдау білдірген Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына алғысын да жеткізді.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»