Таразда медициналық орталық бой көтеруде

Тараз қаласы Пушкин көшесі бойынан медициналық орталық бой көтеруде. Бұрынғы балалар ауруханасы ғимаратының орнынан салынып жатқан құрылысты «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізіп жатыр. 

Облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ мен «Жүрек» кардиохирургиялық орталығы» ЖШС арасында ағымдағы жылдың тамыз айында бірлескен шарт жасасқан болатын. Ол шарт бойынша корпорация кардиохирургиялық орталығына Пушкин көшесінен жер телімін ұсынған болатын. Өз кезегінде, нысан құрылысын кардиохирургиялық орталық өз қаражатына салуда. Айта кетерлігі, бұл жобаның жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі күні медициналық орталықтың құрылыс жұмыстарын «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізіп жатыр. Серіктестік орталықтың құрылыс жұмыстарын келер жылдың шілде айында толығымен аяқтамақ.

Медициналық орталық іске қосылған жағдайда халыққа ақылы негізде, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында амбулаториялық, стационарлық және стационарлық медициналық көмек көрсету жоспарлануда. Бастысы, 109 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде 30 медициналық сала қызметкерлері бар. Білікті дәрігерлер аталған орталықта өңір тұрғындарына  қызмет көрсете отырып жүрекке ота жасайтын болады. Бұрын мұндай операциялар тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ғана жүргізілетін. Қазір тараздық аритмологтар да жүрекке ота жасау техникасын меңгерген.  Айта кетерлігі, Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық аритмияға шалдыққан адамға ота жасалады.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»