КАРТОП – 120, СӘБІЗ -105 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛУДА

           «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын  тиімді пайдалану және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

           «Тараз» ӘКК АҚ қызметі ол үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша тұрақтандыру қорымен жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыр.

           «Тараз» ӘКК облыс пен оның орталығы Тараз қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірдегі келесі көтерме-тарату орталықтарымен келісім шарттар жасаған. Олар: «Дәмді себет» ЖШС (33 сауда нүктесі бар), «Тәңірберген Б» ЖК ( дүкен атауы «Нұрислам» – 3 сауда нүктесі бар), «KAAN» ЖШС (Фиркан – 18 сауда нүктесі бар), «OPTOVIK №1» ЖШС (2 сауда нүктесі бар).

           «Әлеуметтік дүкен» жобасы облыста 2020 жылы басталды. Бүгінгі таңда 19 әлеуметтік дүкен халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тиісті азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағамен сатылуда.

           Мысалы, 1 кг картоп – 120, ал 1 кг сәбіз – 105 теңгеден  сатылуда. Ал бүгінгі таңда нарықтағы бағаның өсуіне байлаысты осы азық-түліктер басқа дүкендерде 1 килограмы 250-290 теңгеден өткерілуде.

           Астыққа келетін болсақ, «Тараз» ӘКК-ның тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын 1 сұрыпты ұн форвард, оффтейк келісім-шарттары негізінде өнім өндірушілердің қоймасында сақталады.

           Форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу кезінде сатушы тауарды ұзақ уақыт сақтауға, меншік немесе жалға алуға жарамды қоймасының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар толық сатылғанға дейін оның тиісті сақталуын қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізу қоймадан жүзеге асырылады. Олардың сақталу барысындағы сапасын «Тараз» ӘКК-ы үнемі бақылап тұрады. Қоймалардағы  температура мен сақтау шарттары азық-түлікті сақтау нормаларына сәйкес келеді.

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2022 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»