Өңірлік басқармалардың қызметкерлері «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша оқытылды
АШМ арнайы жұмыс тобы ауыл халқының табысын арттыру жобасы бойынша өңірлердің Ауыл шаруашылығы басқармалары мен ӘКК қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы биыл бүкіл Қазақстан бойынша іске асырылып жатыр.
Кездесу Жамбыл облысында өтті, өткізу орны кездейсоқ таңдалмады. Себебі өңір бұл бағдарламаны 2019 жылдан бастап іске асырып келеді және жинақтаған табысты тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде облыстың ауылдық округтерінің 3,9 мыңнан астам кәсіпкері жеңілдікті кредиттерді алды. Биыл берілген қарыздар санын 4644-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасына 2023 жылы 100 млрд теңге қарастырылған, бұл ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 17 мыңнан астам жеңілдетілген шағын несие беруге және ауылда 18 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы, 7 жыл ішінде бағдарламаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтып және оларды кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, сондай-ақ 350 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 1 трлн теңгеге дейін бағыттау жоспарланып отыр.
«Ауыл аманаты» – әр облыс әкімдіктері оны өңірдің ерекшеліктеріне бейімдеуі үшін өте икемді бағдарлама. Жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың белгілі бір ауылдық округтің және жалпы облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, несиелендірілетін жобалар бойынша басымдықтарды дұрыс қоюы маңызды», – деп атап өтті АШМ Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің директоры Тұрар Мұхамеджанов.
Жамбыл облысының АШМ қызметкерлері әріптестерімен жоба шеңберінде жұмысты ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті, ал бұрын шағын несие алған ауыл кәсіпкерлері іске асырылған жобаларын таныстырды.
Сонымен бірге барлық қатысушыларға жобаларды, НҚА-ны іске асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттар пакеті, сондай-ақ жұмыс тәжірибесінен сәтті кейстер туралы ақпарат дайындалды.
Айта кетейік, оқыту семинары АШМ бастамасымен Жамбыл облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы және ӘКК қолдауымен ұйымдастырылды.
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
tarazspk@spk-taraz.kz