ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ - КЕҢ ӨРІС

         Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылдық округінің тұрғыны Тайбосынова Жеңіскүл Медетқызы 2023 жылы жеке кәсібін ашып (5-бағыт), профнастил шығару цехына қажетті жабдықтарды сатып алуға 8 500 000 тенгеге несие алды.

        Қазіргі таңда металл плиткаларын өңдеп шығару цехі толық жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқандықтан, аталған материалды қажет етушілер күннен күнге көбейіп келеді.

    -«Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарын, соның ішінде ауылдағы жеке кәсіпкерлерді қолдайтын үздік жоба. Несиенің жеңілдетілген 2,5 пайыздық мөлшерлемесі мен ауылда орналасқан үйдің кепілге алынуы ауыл тұрғындары үшін бұрын-соңды болмаған жеңілдік, – дейді жеке кәсіпкер.

***

        Қордай ауданы, Кенен ауылдық округінің тұрғыны Асылжан Бақытжанқызы өз кәсібін ашу мақсатында «Eco-CHICKEN» шағын құс фермасын ашуға 8 600 000 тенгеге несие алды. Қазіргі таңда құс фермасының жұмысы табысты.

       -Біздің ферма 1500 тауыққа лайықталып жасалған. Өнім үлкен сұранысқа ие. Өйткені тауықтар химиялық қоспаларсыз, тек қана табиғи жем-шөппен қоректендіріледі. Сондықтан өніміміз тұтынушылар денсаулығына зиянсыз, таза болып келеді. Бір жарым айда, яғни 45 күнде ет алып, тауарлы салмаққа жеткен тауықтарды «Экочикен» тұтынушылар кооперативі арқылы Алматы қаласына өткіземіз. Шағын фермадағы таза табыс ораташа есеппен айына 500 мың теңгені құрайды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризамыз, – дейді Асылжан Бақытжанқызы.

  ***

         Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Бисенбаев Қайрат Ибадуллаұлы өз кәсібін ашу мақсатында тігін цехына қажетті құрал-жабдықтарын сатып алуға 6 300 000 тенгеге несие алды. Бүгінгі таңда цехта 3 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндірілген өнімдерін жеке компаниялар мен жеке сауда нүктелері арқылы өткізуде. Алдағы уақытта қосымша тігу станоктарын алып, цех жұмысын кеңейтуді жоспарлап отыр.

***

      Осы орайда айта кететін бір нәрсе, егер жеке кәсіпкер алған несиесінің 3/1 уақыты өтісімен несиені мерзімінен бұрын толықтай жабатын болса, жоба ережесіне сәйкес басымдық берілетін жобалар бойынша кәсіпкер өз бизнесін дамытуға 8000 АЕК-ке дейін қайта қаржылану үшін ұсыным бер алады.

       Басымдық берілетін жобалар: мал басын сатып алудан басқа жобалар: цех, жылыжай, әлеуметтік нысандар ашу және т.б. болып келеді.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»