Мұқтажсың ба – ал, шамаң жете ме – қойып кет!
«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Jambylinfo» ақпарат агенттігімен бірлесіп, облыс орталығындағы әлеуметтік павильондардың бірінде мұқтаж азаматтарға арналған «жақсылық сөресін» ашып, қайырымдылық челленджін бастады.
Тараздықтардың қайтарымсыз көмек көрсетуге дайындығы жоғары екендігі сезіледі. Қалалықтар еріктілер қозғалыстарына белсене қатысып, сол арқылы әрқайсымыздың азаматтық қоғамға қатысуымыздың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
– Идея жаңа емес, бірақ Тараз тұрғындары үшін өте өзекті. Осылайша, біз өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектескіміз келеді, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын әрқашан адам болып қалудың қаншалықты маңызды екеніне аударғымыз келеді. Біздің балаларымыз үлкендерге қарап, жақын адамымызға көмектесу керектігін түсінеді, бұл оларға адамгершілік пен жанашырлықты тәрбиелейді, – дейді өңірлік тұрақтандыру қорын басқару секторының басшысы Арман Түймебаев.
Әлеуметтік желі журналистері қант, ұн, нан, тұз, макарон, жарма сияқты қажетті әлеуметтік тауарларды себетке жинады. Кейін олар бәрін арнайы белгіленген сөреге қойды.
– Біз барлық азаматтарды осы игі іске қатысуға шақырамыз. Егер сізде қажетті өнімдерді сатып алып, оларды «жақсылық сөресіне» қою мүмкіндігі болса, онда сіз бейтаныс адамдарға қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы бақыт сыйлай аласыз. Егер Біз болмасақ, онда кім? – «Jambylinfo» АА қызметкері Лаура Рысбек отандастарына жүгінді.
«Тараз» ӘКК редакцияның бастамасын қолдайды. Тек бірлесе отырып, біз кез-келген қиындықты жеңе аламыз. Есіңізде болсын: азық-түлікті оған қол жеткізе алмайтын адамдар алуы маңызды. Әлеуметтік челленджге қатысыңыз!
Дүкеннің мекен-жайы: Арай-2 мөлтек ауданы
Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз ӘКК» АҚ баспасөз қызметі
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
spktaraz@spk-taraz.kz.