«ТАРАЗ» ӘКК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ШАРУАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ
Өткен 2023 жылы «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ұлғайту үшін шағын несиелер беру» бағдарламасы («Ауыл аманаты») аясында республикалық бюджеттен жалпы сомасы 24 095 979 000 тг. несие қаражаты 2 траншпен берілді. І-ші транш бойынша маусым айында 11 563 965 000 тг. бөлініп, ол қаражат бойынша 2025 жоба несиелендірілсе, ІІ-ші транш бойынша қазан айында 12 532 014 000 тг. бөлініп, оған 2051 жоба иесі несие алды.
Оның ішінде жалпы алғанда:
Бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 33 773 442 тг. сомасына 5 жоба;
Екінші бағыт – мал шаруашылығын дамыту бойынша 23 459 021 919 тг. сомасына 4 012 жоба;
Үшінші бағыт – ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша 313 462 353 тг. сомасына 21 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;
Бесінші бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша 289 721 286 тг. сомасына 38 жоба қаржыландырылды.
Ал төртінші бағыт, яғни жергілікті бюджеттен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтауға 2023 жылдың желтоқсан айында 1 000 000 000 тг. бөлініп, жалпы сомасы 976 940 000 теңгеге жаңадан құрылған 33 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын (трактор) сатып алынды. 23 060 000 теңгеге 9 бірлік аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі несиелендірілді.
Қазіргі таңда 2023 жылғы бөлінген қаражатты игеру кезінде құжаттары «Тараз» ӘКК АҚ-ы қарауына қабылданып, қаражат жетіспеуіне байланысты несие алып үлгермеген ауылдық округ тұрғындарын мал бағыты бойынша несие алған шаруалар қайтарған қаражат есебінен несиелендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бойынша бүгінгі күнге бағдарламаға қатысушы ауылдық округтерден 150 жоба 963,7 млн. тг. сомасына несиелердірілді.
Сонымен қатар, қайтқан қаражат есебінен мал бағытынан басқа (өңдеу, қайта өндіру, т.б.) бағыттарды қаржыландыру мақсатында құжаттар қабылдануда.
2024 ж. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын несиемен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 10,5 млрд. тг сомасындағы несие қаражатын алуға Жамбыл облысынан ұсыныс берілді.
Бөлінген қаражатты мал бағытынан басқа бағыттарды несиелендіру жоспарлануда.
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
spktaraz@spk-taraz.kz.