Жетістік тарихы Жоба арқылы несие алып, тігін цехын ашқан ауыл тұрғыны

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында ауыл тұрғындарының кәсібін ашуына мол мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, аталған жоба бойынша «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан несие алған Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны Ләйла Бесбаева тігін цехын ашып, өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Жоба аясында 3,3 миллион теңге несие алған ол цифрландырылған үлкен тігін машинасын сатып алып, жұмыс ауқымын кеңейткен. Осылайша, пайда да таба бастаған.

– Жасыратыны жоқ, осыған дейін үйде ескі тігін машинасымен іс тігіп жүрдім. Онымен жұмыс істеу – көп уақытты алатын әрі физикалық тұрғыда едәуір қол күшін де талап ететін. Өзге банктерден заманауи тігін машинасын алу үшін несие алу біз үшін тиімсіз болатын. Дегенмен өткен жылы ауылдық әкімдіктен «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы бойынша 2,5 пайызбен несие алуға болатынын естідім. Шынымды айтсам, бастапқыда сенген жоқпын. Дегенмен аталған жобаның 5-ші бағыты бойынша құжат тапсырып көруге бел байладым. «Тараз» ӘКК» АҚ құжаттарымды қабылдап, 3,3 миллион теңге несие берді. Ол қаржыға Алматы қаласынан автоматтандырылған тігін машинасын алдым. Бізге осындай жағдай жасап берген облыс басшылығына алғысым шексіз, – дейді Үлгілі ауылының тұрғыны Ләйла Бесбаева.

Ойындағы тігін машинасына қол жеткізген ауыл тұрғыны бүгінгі күні тапсырыс ауқымын да кеңейткен. Сонымен қатар табысы да артқан. Тіпті, жұбайы үйінің жанынан шағын цех та салып беріпті. Жоба арқылы жұмысын жүйелендірген тұрғын осы жылдың соңына дейін алған несиесін уақытын бұрын өтеп тастауды да жоспарлап отыр. Сондай-ақ цехын да кеңейтіп, ауылдағы қолынан іс келетін қыз-келіншектерді тұрақты жұмыспен қамтуды да ойластырып қойған. Жобаның басты мақсаты да осы.

    

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»