Басты мақсат – тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру
Жамбыл облысында 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын іске асыру мақсатында жалпы 9,2 миллиард теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңгеге 2,5 пайызбен 2 489 өтінім қаржыландырылып, жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 2 миллиард теңге несие қаражаты 5 пайызбен несиелендірілді.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында 10 ауданнан 11 пилоттық ауыл-дық округінің 25 елді мекенінде 2 478 тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі несие- лендірілді.
Жоба 5 бағыт бойынша іске асырылды:
- Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пай-далану;
- Мал шаруашылығын дамыту;
- Азық және жайылым проблемаларын шешу үшін ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану;
- Кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау;
- Тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Жоба аясында Жамбыл ауданынан «Іске сәт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ашылып «Тараз» ми-кроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 100 800 мың теңгеге 22 бірлік ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алынды. Айналым қаражатын толықты-руға «Тараз «ӘКК» АҚ арқылы 13 300 мың тенге, «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 38 800 мың теңге берілді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өз мүшелерін арзандатылған жем-шөппен камтамасыз етуде. Белгіленген тариф бойынша на-рықтан төмен бағамен ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүшелеріне ауылшаруашылық техникалар қызметін ұсынуда.
Жуалы ауданынан «Атамекен-Бастау» ауылшаруашылық өндірістік коопера-тиві ашылып «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 93 900 мың тең-геге 19 бірлік ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алынды. Айна-лым қаражатын толықтыруға «Тараз «ӘКК» АҚ арқылы 13 500 мың тенге, «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 36 500 мың теңге берілді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірістік ко-оперативі өз мүшелерін арзандатылған жем-шөппен камтамасыз етуде. Бел-гіленген тариф бойынша нарықтан төмен бағамен ауылшаруашылық өндірістік ко-оперативі мүшелеріне ауылшаруашылық техникалар қызметін ұсынуда.
2021-2022 жылдары жоғарыда аталған жоба аясында қайтқан ақша есебінен Жамбыл облысының тағы 3 ауданында 253 өтінім 1,096 млрд. теңгеге қайта қаржыландырылды. Олар Жамбыл ауда-нынан Өрнек ауылы, Байзақ ауданынан Үлгілі ауылы және Жуалы ауданынан Ақсай ауылы.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ауыл халқының табысын арт-тыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін микрокредиттер беру» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 6 047 516 000 теңге бөлінді. Бағдар-лама аясында Жамбыл облысының 10 ауданынан 10 ауылдық округ таңдалып алынып, бүгінгі күнде 1 400-ге жуық несие алушының өтініші қарастырылуда. Қазіргі таңда ең алғашқы несие алушы-лар ақшаларын алып үлгерді.
Жоғарыда аталған жоба аясында қаржыландырудың негізгі талаптары:
- Өтініш берушілер 6 айдан астам уақыт бойы мекенжай анықтамасында тіркелген ауылдық округтерде тұратын тұрғындар немесе ауылдық округтің тұрғыны болып тіркелген азаматтардың жақын туыстары болуы тиіс;
- Несие алушының/кепіл берушінің қолданыстағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;
- Несие алушының жасы 18-ден зейнеткерлік жасқа дейін;
- Несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;
- Мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;
- Несиені кепілмен қамтамасыз ету (үй, пәтер, коммерциялық мүлік);
- Несиенің кепіл нысанына сақтан-дыру қажет;
- Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора, ғимарат және т.б.);
- ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
- Қаржыландырылған жоба аясын-дағы өндірілген өнімді ауыл шаруа- шылық өндірістік кооперативке өткізу.
Жоба бойынша несие алу кезінде бизнес жоспарды тек өз бизнесін ашуға өтініш берген әлеуетті қарыз алушыдан ғана талап етіледі. Егер әлеуетті қарыз алушы мал шаруашылығына несие алуға өтініш берсе, бизнес жоспардың қажеті жоқ.
Несиені қарастыру кезінде жұмыс- сыздарға басымдық беріледі.
Дәулет ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (701) 223 6000
Баспасөз қызметі
- 8 (707) 665 6592
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz