Баспасөз біз туралы: Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директоры Манас Беріковтің айтуынша, бүгінгі күні акционерлік қоғам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу және тұрақтандыру бағытында жұмыс жүргізуде.
– «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бүгінгі күні облыс және Тараз қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында «Дәмді себет», «Нұрислам», «Фиркан» сияқты сауда орталық желілерімен, сондай-ақ ірі көтерме-тарату орталықтарымен келісімшарт жасасып, бағаны тұрақтандыру мақсатында жұмыс істеуде. Ал, аудандар мен Тараз қаласында «Әлеуметтік дүкен» жобасы 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда 19 әлеуметтік павильон халыққа қызмет көрсетуде. Әлеуметтік павильондарда – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізбесіндегі тауарлары нарық бағасынан төмен өткерілуде. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша тұрақтандыру қорымен апта сайын мониторинг және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда Тараз қаласында 11 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Олар Абай даңғылы бойында, «Бәйтерек» және «Ұлы дала» шағынаудандары мен Тонкүріш, Қант зауыты, «Аса», «Шөлдала», «Арай» және «Қарасу» шағынаудандарында орналасқан, – дейді Манас Беріков.
Акционерлік қоғам өкілдерінің айтуынша, «Тараз» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорына сатып алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік форвард, оффтейк келісімшарттары негізінде өнім өндірушілердің қоймасында сақталады. Форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу кезінде сатушы тауарды ұзақ уақыт сақтауға, меншік немесе жалға алуға жарамды қоймасының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар толық өткерілгенге дейін оның тиісті сақталуын қамтамасыз етеді, тауарды жеткізу қоймадан жүзеге асырылады. Олардың сақталу жағдайын үнемі «Тараз» ӘКК» АҚ бақылап тұрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары басқа дүкендерге қарағанда төмен бағада өткеріледі. Бұл санатқа жататын тауар бағалары әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік бағада және коммерциялық бағада да сатылымда тұрады. Өйткені, тұтынушы өзіне қажетті тауарды таңдап алуға құқылы. Әлеуметтік дүкендерде қойылған тауар бағаларына апта сайын мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Қазіргі таңдағы әлеуметтік дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткеру бағасы нақты белгіленген. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директоры Манас Беріковтің айтуынша, әлеуметтік дүкен сөресіне шығарылған ұнның бір килограмы – 150, нан – 90, макарон өнімдері – 290, қарақұмық – 198, күріш – 400, картоп – 130, сәбіз – 95, пияз – 65, қырыққабат – 120, қант – 360, күнбағыс майы – 570, тауық еті – 1200, сүт – 325, айран (2,5 пайыз) – 350, сары май – 1580, жұмыртқа – 48, тұз – 45, сүзбе (5 пайыз) 1150 теңгеден босатылуда.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Толығырақ сілтемеде: aqjolgazet.kz/175457/azy-t-lik-tauarlaryny-ba-asy-t-ra-ty
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz