БЕС БАҒЫТТЫҢ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫ БАҚУАТТЫ ЕТУ

         «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2019 – 2024 жылдардың аралығында республикалық бюджеттен жалпы сомасы 41,6 млрд. тг қаражат бөлініп, 62 ауылдық округ бойынша 8025 жоба қаржыландырылды.

   Сонымен қатар, осы жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету үшін жоба аясында 32 млрд. тг. бөлініп, жалпы көлемі 340 ауыл шаруашылығы техникасы (тракторлар, қосалқы техникалар) сатып алуға несие берілді.

       Жоба аясында Жамбыл облысында 5 бағыт бойынша  қаржыландыру жұмыстары іске асырылды. Атап айтқанда:

       1-бағыт – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану;

       2-бағыт – мал шаруашылығын дамыту; 3-бағыт – азық және жайылым проблемаларын шешу үшін ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану; 4-бағыт –  кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау; 5-бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашу.

       Әр бағыт бойынша қысқаша тоқталатын болсақ, Жамбыл облысының есептік уақыттағы көрсеткіштері мынандай:

      1 – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 187,3 млн. тг сомасына 24 жоба қолға алынды. Атап айтқанда, бұл жоба аясында ауылдарда құрылған ауыл шараушылығы өндірістік кооперативтерінің ауыл шаруашылығы техникасы арқылы ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі жерлері өңделіп, жеңілдетілген бағаммен бау-бақшаға қажетті тұқымдар алынып берілді;

      2 –  мал шаруашылығын дамыту бойынша 35,1 млрд. тг сомасына 7 576 жоба жүзеге асырылды. Бұл бағыт тұрғындар аясында сұранысқа кеңінен ие болды. Сөйтіп жоба аясында 34 030 бас ірі қара, 214 183 ұсақ мал басы сатып алынды;

     3 – шаруалардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді игеру бағытында 41 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне жалпы сомасы  673,4 млн. тг теңге айналым қаражаты берілді. Жер телімі жаңадан құрылған ауыл шарауашылығы кооперативтеріне біріктіріліп, игеріле бастады. Аталмыш бағыт бойынша берілген қаражат есебінен кооперативтер дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағар май алды.

       4 –  57 жаңа ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 3,2 млрд. тг сомасына қажетті техникалармен жабдықталды. Бұл сомаға 340 дана доңғалақты техника алынды. 

       5 – тұрғындардың өз кәсібін ашуы бойынша 515,7 млн. тг сомасына 72 жоба қаржыландырылды. Жобалардың бағыт-бағдары әртүрлі. Атап айтатын болсақ, макарон цехы, шағын жылыжай кешені, техникалық қызмет көрсету орталығы, профнастил шығару цехы, шағын тауық фермасы сияқты жобалар жүзеге асырылды.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»