Ауыл тұрғындарын 2,5 пайызбен несиелендіру – халықтың тұрмыстық табысын арттырады
«Тараз» ӘКК-де «Ауыл аманаты» жобасы аясында, бұрынғы Жамбыл облысындағы халықтың табысын арттыруға арналған пилоттық жобаның бес бағытын масштабтау шеңберінде ауыл тұрғындарына жоспарлы жеңілдікті кредит беру (ақшалай қаражат 2,5 пайыз мөлшерлеме бойынша беріледі) жүріп жатыр.
Жамбыл облысында 2019 жылдан бастап іске асырылған ауыл халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі пилоттық жоба жоғары тиімділікті дәлелдеді, соның арқасында алынған тәжірибе еліміздің басқа өңірлерінде енгізілді. Жобаның өзі 2022 жылы «Ауыл аманаты» атауын алды. Оған ағымдағы жылы бюджеттен 52,4 млрд теңге көзделген, 11 мың несие беру жоспарлануда.
«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 2021-2022 жылдары Жамбыл облысының тағы 3 ауданына жоғарыда аталған жоба аясында қайтқан ақша есебінен 1,096 млрд теңгеге 253 өтінімді қайта қаржыландырды. Олар Жамбыл ауданының Өрнек ауылы, Байзақ ауданының Үлгілі ауылы және Жуалы ауданының Ақсай ауылы.
– 2022 жылғы желтоқсаннан бастап республикалық бюджеттен «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін микрокредиттер беру» бағдарламасы шеңберінде 6 047 516 000 теңге бөлінді. Мәселен, Жамбыл облысының 10 ауданынан 1400 қарыз алушылар (Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Шу, Т. Рысқұлова, Сарысу, Талас) 10 ауылдық округтен (Жалғызтөбе, Қаракемер, Жетітөбе, Кенен, Ақермен, Биназар, Бірлікүстем, Абай, Жайылма, Ойық) үміттілер іріктеліп алынды және бүгінде өтінімдер қаралуда. Қазіргі уақытта 200-ден астам адам қарыз алу туралы шартқа қол қойды, – дейді «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров.
«Тараз» ӘКК-нің тиімді шарттарын пайдалануға шешім қабылдағандардың арасында Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округінің тұрғыны Қайрат Асанбаев бар. Ер азамат мал шаруашылығымен айналысуға ниетті.
– Ақшалай қаражат алу үшін несие рәсімдеудемін. Мен жылқы өсіруге 7,5 миллион теңге алмақпын. Пайыздық мөлшерлеме төмен. Жеңілдетілген несиелеу шарттары тиімді деп санаймын. Сондықтан мен несие алуды шештім, – деді ол.
Бұл жұмыстардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іс жүзінде нәтиже көрсетіп жатқандығының белгісі. Онда ол ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі мен ауылдардың тұрақтылығын атап өткен болатын.
– Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз, – деді Мемлекет басшысы 2022 жылдың қазан айында.
Несиелеу 2023 жылғы наурыз айына дейін жалғасады. «Ауыл аманаты» жобасы аясында өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– өтініш берушілер 6 айдан астам уақыт бойы мекенжай анықтамасында тіркелген, ауылдық округтерде тұратын тұрғындар, ауылдық округтің тұрғыны болып тіркелген азаматтардың жақын туыстары болуы тиіс;
– несие алушының/кепіл берушінің қолданыстағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;
– несие алушының жасы 18-ден зейнеткерлік жасқа дейін болуы;
– несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;
– мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;
– несиені кепілмен қамтамасыз ету (үй, пәтер, коммерциялық мүлік);
– несиенің кепіл нысанына сақтандыру қажет;
– ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора, ғимарат және т.б.);
– ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
– қаржыландырылған жоба аясын-дағы өндірілген өнімді ауыл шаруа- шылық өндірістік кооперативке өткізу.
Дәулет Әбілқайыров жоба бойынша несие алу кезінде бизнес жоспарды тек өз бизнесін ашуға өтініш берген әлеуетті қарыз алушыдан ғана талап етілетіндігін атап өтеді. Егер әлеуетті қарыз алушы мал шаруашылығына несие алуға өтініш берсе, бизнес жоспардың қажеті жоқ.
– Несиені қарастыру кезінде жұмыссыздарға басымдық беріледі, – деді акционерлік қоғамның басқарма төрағасы.
Жамбыл облысында 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын іске асыру мақсатында жалпы 9,2 миллиард теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңгеге 2,5 пайызбен 2 489 өтінім қаржыландырылып, жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 2 миллиард теңге несие қаражаты 5 пайызбен несиелендірілгенін еске саламыз.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында 10 ауданнан 11 пилоттық ауылдық округінің 25 елді мекенінде 2 478 тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі несиелендірілді. Жоба 5 бағыт бойынша іске асырылды: үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, азық және жайылым проблемаларын шешу үшін ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу.
– Жұмыс барысында Жамбыл ауданынан «Іске сәт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ашылып «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 100 800 мың теңгеге 22 бірлік ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алынды. Айналым қаражатын толықтыруға «Тараз «ӘКК» АҚ арқылы 13 300 мың тенге, «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 38 800 мың теңге берілді, – деп атап өтті акционерлік қоғамның басқарушы директоры Ләззат Абдуалиева. – Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өз мүшелерін арзандатылған жемшөппен камтамасыз етуде. Белгіленген тариф бойынша нарықтан төмен бағамен ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүшелеріне ауылшаруашылық техникалар қызметін ұсынуда.
Жуалы ауданынан «Атамекен-Бастау» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ашылып «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 93 900 мың теңгеге 19 бірлік ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алынды. Айналым қаражатын толықтыруға «Тараз «ӘКК» АҚ арқылы 13 500 мың тенге, «Тараз» микроқаржылық ұйымы ЖШС арқылы 36 500 мың теңге берілді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өз мүшелерін арзандатылған жемшөппен камтамасыз етуде. Белгіленген тариф бойынша нарықтан төмен бағамен ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүшелеріне ауылшаруашылық техникалар қызметін ұсынуда.
Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі
Мекен-жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (701) 223 6000
Баспасөз қызметі
- 8 (707) 665 6592
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz